Тоқаев Конституцияда ел егемендігі мен жер тұтастығын қорғау басты міндет ретінде бекітілгенін айтты

19:23, 9 қараша 2026
MKZ: 1576802

© Фото: akorda.kz

Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Конституцияда мемлекеттің егемендігі мен тәуелсіздігін, сондай-ақ жерінің тұтастығын қорғау қастерлі міндет ретінде танылғанын мәлімдеді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстанның өркениетті әрі озық ойлы ұлт ретінде біртұтас қоғам болып өрлеу дәуіріне қадам басқанын айтты.

Оның сөзінше, елдің тұрпаты мен халықтың болмыс-бітімін айқындайтын қастерлі құжат – Конституция қабылданды. Берекелі бірліктің арқасында ауқымды реформалар сапалы жүзеге асып, мемлекеттің басқару жүйесі толықтай жаңғырды.

Атап айтқанда, бір палаталы заң шығарушы орган – Құрылтай өз жұмысын бастады, ал еліміздің ең жоғары консультативтік мекемесі – Қазақстан Халық Кеңесі құрылды.

"Ең маңызды мәселе – Конституциямызға сәйкес азаматтарымыздың заңды құқықтары мен бостандықтары мызғымас сипатқа ие болды, егемендігіміз бен тәуелсіздігімізді және жеріміздің тұтастығын қорғау қастерлі міндет деп танылды. Қазақстан бүкіл әлемге зайырлы, демократиялық мемлекет ретінде мойындалды", – деді Мемлекет басшысы.

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!