Мәскеуден Алматыға ұшқан SCAT ұшағы Астанаға шұғыл қонды
© Фото: unsplash
Мәскеу – Алматы бағытымен ұшқан SCAT әуе компаниясының ұшағы Астана әуежайына шұғыл қонуға мәжбүр болды, деп хабарлайды Zakon.kz.
Оқиға 2026 жылғы 8 қарашада болған. Бұл туралы куәгерлердің бірі әлеуметтік желіде жазды.
"Бүгін Мәскеу – Алматы бағытымен ұшқан SCAT әуе компаниясының ұшағы Астана әуежайына апатты жағдайда қонды. Бұл штаттан тыс жағдай екенін түсінемін. Бірақ @scat.airlines, неге жолаушыларға тіпті су да ұсынбадыңыздар? Біз шу шығарып, наразылық білдіргенге дейін қорқып, абдырап қалған жолаушыларды аяқтарынан тік тұрғызып, сусыз, тамақсыз және ең бастысы, ешқандай ақпарат бермей ұстадыңыздар", – деп жазды жолаушы Threads желісінде.
9 қарашада әуе компаниясының баспасөз қызметі оқиғаға қатысты түсініктеме берді.
"Мәскеу – Алматы рейсін орындау кезінде борттық жүйенің дабыл индикаторы іске қосылды. Экипаж Астана қаласындағы базалық әуежайға қону туралы шешім қабылдады. Ұшақ штаттық режимде қонды. Жолаушыларды Алматыға жеткізу үшін әуе компаниясы қосалқы ұшақ ұсынды", – делінген хабарламада.
SCAT өкілдері қосалқы ұшақтың келуін күткен жолаушыларға салқын сусындар берілгенін де атап өтті.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
17:20, 9 қараша 2026
Қазақстандағы құтқару операциясы Илон Масктың назарын аударды
-
17:06, 9 қараша 2026
10 қарашада Қазақстанның басым бөлігінде қар мен нөсер жаңбыр жауады
-
16:59, 9 қараша 2026
Кезекті азайту үшін Алматы метросындағы турникеттер жаңартылып жатыр
-
16:54, 9 қараша 2026
Қазақстандағы ең көп көлік жүретін ақылы жолдардың рейтингі жасалды: көш басында қай бағыт тұр
-
16:50, 9 қараша 2026
Қазақстан емханаларында пациенттерді қажетті медициналық қызметке бағыттайтын бірыңғай қызмет құрылады





