Германияда ер адам ұлы мен жұбайын уландырмақ болды деген күдікке ілінді
© Сурет: pixabay
2024 жылдың желтоқсан айының басында Баварияда ер адам жұбайы мен ұлын пеште қыздырылған пиццамен уламақ болған, деп хабарлайды Zakon.kz.
Bild дерегінше, 55 жастағы әйел мен оның 25 жастағы ұлы кенеттен өздерін нашар сезініп, жедел жәрдем көлігімен улану белгілері бар ауруханаға жеткізілді. Абырой болғанда, дәрігерлер дер кезінде көмек көрсетіп, науқастардың өмірін құтқарып қалған.
Ал, 56 жастағы ер адам бірден Францияға қашып кеткендіктен, полиция оны күдікті ретінде таныған. Алайда, ол көп ұзамай Францияның оңтүстігінде тұтқындалып, неміс түрмесіне жіберілді.
Тергеу мәліметтері бойынша, ер адам мұздатылған тағамға белгілі бір өсімдік уын қосқан.
Тергеу жүргізілуде.
Бұған дейін ресейлік әйелдің баласын 80 күн бойы тамақтандырмай, аштан өлтіргендігі хабарланған болатын.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
12:27, 20 қараша 2025
Өзбекстанда киберқылмыс өршіп барады
-
17:39, 19 қараша 2025
Таиланд шетелдіктерге қатысты виза режимін қатаңдатты
-
11:15, 18 қараша 2025
Үндістанда хакерлер перзентханалардағы камераларды бұзып, видеожазбаларды әлеуметтік желілерде сатқан
-
11:09, 18 қараша 2025
Бразилияда ежелгі қолтырауын табылды
-
10:34, 18 қараша 2025
Оңтүстік Кореяда ең ірі қалқымалы күн электр станциясы іске қосылды





