Конькимен жүгіруші Надежда Морозова Нидерландтағы әлем чемпионатында үздік ондыққа енді
© Сурет: olympic.kz
Нидерландтың Херенвен қаласында конькимен жүгіруден классикалық көпсайыс бойынша әлем чемпионаты аяқталды, деп хабарлайды Zakon.kz.
Бұл дисциплинада Қазақстан құрамасы сапынан Надежда Морозова өнер көрсетті.
Отандасымыз 500 метр қашықтықта үшінші болды. Одан кейін 3000 метрде оныншы болып мәреге жетті.
1500 метрде Морозова алтыншы орын алып, 24 қатысушының ішінен үздік сегіздікке енді. Осылайша ол 5000 метр қашықтықта жарысуға мүмкіндік алды.
5000 метрде Морозова жетінші орынға тұрақтады. Нәтижесінде ол әлем чемпионатын да жетінші орынмен аяқтады (160.435 ұпай).
Алтын медальді норвегиялық Рагне Виклунд (157.457) жеңіп алды. Нидерланд спортшысы Марейке Груневауд екінші орынға ие болды (158.086). Жапониялық Михо Такаги үздік үштікті түйіндеді.
Айта кетейік, көпсайыста ең аз ұпай жинаған спортшы жеңімпаз атанады.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
13:15, 11 наурыз 2026
Шымбұлақта ресейлік сноубордшы жолдан шығып, жыраға құлап кетті – құтқару сәті видеоға түсті
-
13:07, 11 наурыз 2026
Алматыда суррогат ана ақысын ала алмай жүр
-
12:52, 11 наурыз 2026
Ғылым және жоғары білім министрінің «Б» корпусы қызметшілерінің жұмысын бағалау: өзгерістер енгізілді
-
12:46, 11 наурыз 2026
Марста сирек минерал табылды
-
12:31, 11 наурыз 2026
Ерлі-зайыптылар бір-бірінің банктік шоттары туралы біле ала ма: Конституциялық сот мәселені қарайды





