Щучинскідегі дәмханадағы жарылыс: ауруханаға түскендердің екеуі қайтыс болды
© Сурет: Zakon.kz/Павел Михеев
Щучинск қаласындағы қайғылы оқиға құрбандарының саны 11 адамға дейін жетті, деп хабарлайды Zakon.kz.
Ақмола облысы денсаулық сақтау басқармасының мәліметінше, дәрігерлердің салған барлық күш-жігеріне қарамастан Щучинск қаласындағы жарылыстан зардап шеккен тағы екі ауыр науқас қайтыс болды.
"8 наурызда "Авиценна-Бурабай" стационарының жан сақтау бөліміндегі науқас қайтыс болды, ал 9 наурызда Көкшетаудағы Ақмола облыстық көпсалалы ауруханасында емделіп жатқан тағы бір науқас та жан тапсырды", – деді басқармадан.
Ақмола облысының дәрігерлері зардап шеккендердің өмірі үшін күресті жалғастыруда, барлық медициналық, кадрлық және техникалық ресурстарды тарта отырып, медициналық көмек толық көлемде көрсетілуде.
26 ақпанда Щучинск қаласында бір қабатты дәмханада газ-ауа қоспасының жиналуынан жарылыс болып, арты өртке ұласты. Салдарынан 28 адам зардап шегіп, 7 адам қаза тапты. Зардап шеккендердің төртеуі Бурабай аудандық ауруханасының жан сақтау бөліміне жатқызылды, алтауы Көкшетау облыстық көпсалалы ауруханасына жеткізілді. Барлығының жағдайы ауыр деп бағаланады. Жарылыс кезінде қаза тапқандардың алты отбасына өтемақы ретінде 4 миллион теңге берілді.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
16:15, 9 наурыз 2026
Жаңа Конституцияны қолдау: танымал өнер жұлдыздары «Халықтың Ата Заңы» әнін орындады
-
15:56, 9 наурыз 2026
Фастфуд баланың мінез-құлқын бұзады - ғалымдар
-
15:32, 9 наурыз 2026
Тағы үш әуе рейсі: Таяу Шығыс елдерінен қазақстандықтарды эвакуациялау жалғасуда
-
14:59, 9 наурыз 2026
Иран бірнеше елдерге қатысты әуе соққылары туралы ақпаратты жоққа шығарды
-
14:52, 9 наурыз 2026
Германияда метеорит тасы тұрғын үйге түсіп, жұртты дүрліктірді





