Ирандағы ядролық нысан соққылардан қатты зақымданды

11:25, 9 наурыз 2026

© Сурет: freepik

7 наурыз күні Иранның Исфахан провинциясындағы ядролық нысан АҚШ пен Израиль жасаған соққылар салдарынан айтарлықтай зақымданды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Oxu.Az мәліметінше, орталыққа зымыранмен соққы жасалып, соның салдарынан нысанға "елеулі зақым келген". Қазіргі уақытқа дейін радиациялық ластану туралы ақпарат түскен жоқ.

ТАСС агенттігінің жазуынша, Израиль мен АҚШ Иранның ядролық отынының басым бөлігі Исфахандағы жерасты туннельдерінде сақтаулы деп есептейді. Ал қалған қоры Фордо және Натанз қалаларындағы бункерлерге бөлініп орналастырылған.

Қақтығыстың алғашқы күндерінде АҚШ пен Израиль Исфахан мен Фордо қалаларындағы жерасты туннельдерінің кіреберістеріне қайтадан соққы берді. Бұл әрекет туннельдерді жауып, Иранның онда сақталған материалдарды сыртқа шығаруына жол бермеу мақсатында жасалған.

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!