Трамп Роналдудың Америкаға келгенін күтіп отырғанын мәлімдеді
© Сурет: whitehouse
21 ақпанда Дональд Трамп TikTok-тағы парақшасында Криштиану Роналдуды Америкаға шақырып, тезірек келуін өтінген жазба жариялады, деп хабарлайды Zakon.kz.
Португалия құрамасының көшбасшысына жолдаған видео үндеуде Трамп Роналдуды "ең ұлы" деп атап, оны Америкаға тезірек келуін өтінді. Өйткені, биыл АҚШ, Мексика және Канада футболдан әлем чемпионатын өткізеді.
"Бізге, Америкаға сен керексің", – деді Трамп қараша айында өз әлеуметтік желісінде жариялаған футболшымен бірлескен видеоға сілтеме жасай отырып.
Трамп әлеуметтік желіге жасанды интеллектпен жасалған роликтерді жүктеп жатқанда, Криштиану "әл-Насрды" Сауд Арабиясында бірінші орынға шығарды. Португалдық шабылдаушы "әл-Хаземға" қарсы ойында дубль жасап, ал "әл-Наср" 4-0 есебімен үлкен жеңіске жетті.
Футболшы керемет статистиканы паш етуде және 30 жасқа толғаннан кейін 500 гол соғып тастады.
"Бүкіл мансабында мұнша көп гол соғатындар аз, ал 41 жастағы Роналду үшін бұл әлі шекке жатпайды", - дейді футбол мамандары.
Бұған дейін Трамп барлық елден келетін импорт тауарларға салынатын баж салығын 15%-ға дейін өсіргенін жазғанбыз.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
13:07, 2 сәуір 2026
Танымал демалыс аймағында «кокаин акуласы» байқалды
-
12:29, 2 сәуір 2026
Ұмыт қалған чемоданнан 137 караттық әйгілі гауһар табылды
-
12:12, 2 сәуір 2026
Грекия аралын қан-қызыл аспан жапты
-
12:08, 2 сәуір 2026
Эверест тауында гидтердің альпинистерді әдейі улағаны туралы мәлімет тарады
-
11:58, 2 сәуір 2026
Үндістанда өзін «құдаймын» деп таныстырған ер адамға қатысты ірі жанжал шықты





