Балшыққа батқан көлік: құтқарушылар далада қалған адамдарды екі тәуліктен кейін тапты
© Сурет: ҚР ТЖМ баспасөз қызметі
Қызылорда облыстық ТЖД-ның шұғыл байланыс желісіне дабылды хабарлама келіп түсіп, тас жолдан 35 шақырым қашықтықта, жетуі қиын "Телікөл" аймағында автокөлік балшыққа батып қалғаны жеткізілді, деп хабарлайды Zakon.kz.
Төтеншеліктер адамдардың екі тәулік бойы далада қалып, өз күштерімен қауіпсіз аймаққа жете алмағанын нақтылайды.
Іздестіру жұмыстары жолсыз және батпақты жердің салдарынан күрделене түсті. Зардап шеккендерге жету үшін жоғары өтімді техника жұмылдырылды. Аумақты әуеден барлау үшін ұшқышсыз ұшу аппараты қолданылып, үйлестіру спутниктік байланыс арқылы жүргізілді.
Таңертең іздестіру тобы төрт ер адамды тауып алды. Құтқарушылар оларды даладан эвакуациялап, облыс орталығына жеткізді. Ешкімге медициналық көмек қажет болған жоқ.
Бұған дейін құтқарушылардың Ақмола облысында Қорғалжың ауданы, Шалқар ауылының маңында жеңіл автокөлікпен қарға батқан екі ер адамға көмектескенін жазғанбыз.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
21:42, 22 сәуір 2026
Қатыгездікпен өлтірілген: Павлодар облысында әйелдің мәйіті табылды
-
21:29, 22 сәуір 2026
Қазақстанда ақылы жолдар саны көбейеді
-
21:11, 22 сәуір 2026
Рудныйлық полицейлер пара алды деген күдікпен ұсталды
-
21:11, 22 сәуір 2026
Рудныйлық полицейлер пара алды деген күдікпен ҰҚК назарына ілікті
-
20:53, 22 сәуір 2026
Көкшетауда колледж бухгалтері жымқырған ақшасына көлік пен пәтер сатып алған





