Финляндия аптасына төрт күн жұмыс істейтін режимге көшкелі жатыр

15:17, 5 қаңтар 2020

Финляндияның 34 жастағы жаңа премьер-министрі Санна Марин өз елінде аптасына 4 күн, сондай-ақ күніне 6 сағат жұмыс істеу туралы өзгеріс енгізуді ұсынды, деп хабарлайды lifter.com.ua.

- Аптасына төрт күн жұмыс істеп, ал күні бойғы уақыттың 6 сағаты жұмысқа арнау керек. Неліктен келесі жолы осындай қадам жасамасқа? 8 сағатпен шектелу керек деген кім? Менің ойымша, адамдар отбасымен, жақындарымен көбірек уақыт өткізіп, уақытын жұмысынан бөлек хобби мен мәдениет секілді өмірдің басқа маңызды қырына арнауға лайық деп санаймын. Мүмкін бұл біздің жұмыс өміріміздің жаңа кезеңі болар, - деген еді Санна Марин көлік және коммуникация министрі болған кездің өзінде.

Қазір финдер аптасына 5 күн, күніне 8 сағат жұмыс істейді. Марин үкіметі коалиция құрған солшылдар альянсы елде сынақ түрінде 6 сағаттық жұмыс уақытын енгізуді талап етуде.


Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!