Бразилия БАӘ-мен иық тіреспек – елде әлемдегі ең биік тұрғын үй мұнарасының іргетасы қаланды
© Сурет: Lalalli Senna
Бразилияның оңтүстігіндегі Балнеариу-Камбориу қаласында Senna Tower мұнарасының қадалы іргетасын салу жұмыстары аяқталды, деп хабарлайды Zakon.kz.
Naked Science басылымының жазуынша, жобаға жетекшілік ететін Talls Solutions компаниясының атқарушы директоры, құрылыс инженері Стефан Доменьини мұнараның биіктігі 550 метрден асатынын айтқан.
Құрылыс аяқталған соң, Senna Tower Нью-Йорктегі One World Trade Center ғимаратынан да биік болып, әлемдегі ең биік тұрғын үй мұнарасына айналады. One World Trade Center ғимаратының биіктігі шамамен 541 метр.
Құрылысшылар мұнараның негізгі іргетас тақтасының астына 798 қада орнатқан. Ол үшін жерді бұрғылап, ұңғымаларға бетон құйған. Әр қаданың диаметрі – 60 сантиметр, ал ұзындығы 27 метрден 44,5 метрге дейін жетеді. Қадалардың төменгі бөлігі берік тау жынысына кіріктірілген.
Енді құрылысшылар қадалардың үстіне қалың темірбетон тақта құя алады. Бұл тақта ғимараттың жер үстіндегі бөлігінен түсетін салмақты қадаларға бөледі.
Қазір әлемнің бірнеше елінде биіктігі бойынша рекорд орнатуы мүмкін зәулім ғимараттар салынып жатыр. Senna Tower – солардың бірі. Тағы бірі – Сауд Арабиясындағы Jeddah Tower мұнарасы. Оның құрылысын 2028 жылға қарай аяқтау жоспарланып отыр. Мұнараның биіктігі бір шақырымнан асуға тиіс.
Бұған дейін Қытайда аса критикалық параметрлі бумен жұмыс істейтін көмір электр станциясы іске қосылғаны хабарланған еді. Ол осы үлгідегі станциялардың ішінде теңіз деңгейінен ең биік жерде орналасқан.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
12:35, 27 қараша 2026
Түркиядан 9 елге шығарылған 256 млн долларлық актив бұғатталды
-
11:51, 27 қараша 2026
Дағыстандық күш иесі тісімен 125 тонналық тепловозды 15 метрге сүйреді
-
11:40, 27 қараша 2026
Ұшақ көкте болғанда ер адам есікті ашпақ болған: жолаушылар мен бортсеріктер оны тоқтатты
-
10:41, 27 қараша 2026
Жаңа жыл қарсаңында отшашуға тыйым салынуы мүмкін
-
13:36, 26 қараша 2026
Мысырға баратын туристер үшін не өзгереді





