АҚШ-та жолаушылар ұшағы апатқа ұшырады

10:21, 9 маусым 2025

© Сурет: pixabay

АҚШ-тың Теннесси штатында ішінде 20 шақты адам болған жолаушылар ұшағы апатқа ұшырады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Бұл туралы CNN Теннесси штатының жол-патруль қызметінің баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып жазды.

"Теннесси жол-патруль қызметінің мамандары Олд-Шелбивилл жолындағы ұшақ апаты орнында көмек көрсетіп жатыр", – делінген ресми мәлімдемеде.

Бірнеше адам тікұшақпен эвакуацияланып, ауруханаға жеткізілді. Оқиға орнында құтқарушылар мен тергеушілер жұмыс істеп жатыр. Апаттың мән-жайы анықталуда.

Бұған дейін Ауғанстан астанасының 7 миллион тұрғыны қауіп алдында тұрғанын жазған болатынбыз.

 

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!