Атырауда жоғары сынып оқушысы 12 жастағы қызға пышақпен шабуыл жасады

22:48, 13 наурыз 2026

© Фото: пресс-служба акимата Алматы

Атырау қаласындағы мектептердің бірінде төтенше жағдай орын алды. Оқушы қыз балаға пышақ жарақатын салған, деп хабарлайды Zakon.kz тілшісі.

Алдын ала мәлімет бойынша, жоғары сынып оқушысы оқу орнының дәлізінде 12 жастағы оқушы қызға пышақпен шабуыл жасаған. Қыз бірнеше жерінен жарақаттанып, облыстық балалар ауруханасына жеткізілген.

Полицияның мәліметінше, күдікті ұсталып, ата-анасымен бірге полиция бөліміне жеткізілген.

"Барлық процессуалдық әрекеттер оның заңды өкілдерінің қатысуымен жүргізіліп жатыр. Қазіргі уақытта полиция қызметкерлері қажетті тергеу амалдарын жүргізуде. Оқиғаның мән-жайы анықталуда. Осы факті бойынша қылмыстық іс қозғалды", – деп хабарлады полиция.

Сондай-ақ жасөспірімнің ата-анасы бала тәрбиесіне қатысты міндеттерін тиісінше орындамағаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылатыны атап өтілді.

Зардап шеккен қызға қажетті медициналық көмек дер кезінде көрсетілген. Алғашқы тексеруден өтіп, шұғыл медициналық көмек алғаннан кейін ол әрі қарай бақылау және ем алу үшін Атырау облыстық балалар ауруханасына жеткізілді. Қазіргі уақытта науқастың жағдайы орташа ауыр, тұрақты деп бағалануда.

"Ол медициналық мамандардың тұрақты бақылауында және қажетті медициналық көмектің толық көлемін алып жатыр. Медициналық көмек қолданыстағы клиникалық хаттамаларға сәйкес толық көрсетілуде. Жағдай бақылауда", – деп хабарлады Атырау облысының денсаулық сақтау басқармасы баспасөз қызметі.

Бұған дейін Алматы облысында сатушылардың көзінше Changan автокөлігін ұрлап кеткенін жазғанбыз.

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!