Иранның жаңа жоғарғы көшбасшысы алғашқы үндеуінде кек алатынын мәлімдеді
© Сурет: wikimedia
Иранның жаңа жоғарғы көшбасшысы Моджтаба Хаменеи халыққа алғашқы үндеуін жасады, деп хабарлайды Zakon.kz.
Үндеу жергілікті телеарна эфирінде оқылды, алайда Хаменеи өзі кадрға шыққан жоқ. Аятолланың сөзіндегі негізгі ойларды "Коммерсантъ" басылымы жинақтаған.
- АҚШ пен Израиль жүргізген операция салдарынан менің әкем, жұбайым және әпкем қаза тапты.
- Маған әкемнің денесін көру бақыты бұйырды.
- Ұлы Рухолла Хомейни мен шейіт болған Али Хаменеи отырған орында отыру мен үшін өте ауыр міндет.
- Иран шейіттердің қаны үшін міндетті түрде кек алады.
- Біз жоспарлап отырған кек тек революция көшбасшысы Али Хаменеи үшін ғана емес. Жау қолынан қаза тапқан әрбір азамат үшін жауап болады.
- Оның ішінде Минаб қаласындағы қыздарға арналған бастауыш мектепке жасалған шабуыл да бар. Бұл шабуылда 180 адам қаза тапқан.
- Шабуылдан зардап шеккендердің барлығы тегін медициналық көмек алып, қосымша жеңілдіктермен қамтамасыз етіледі.
- АҚШ ұзақ жылдар бойы Парсы шығанағы елдерінде әскери базалар құрып, өңірдегі үстемдігін нығайтуды көздеді.
- Иран көрші мемлекеттерді өңірдегі америкалық әскери базаларды дереу жабуға шақырады.
- Жақында Иран уәде еткендей АҚШ базаларына соққы берді, бірақ көрші елдерге шабуыл жасамады.
- Алдағы уақытта Иран мұндай шабуылдарды жалғастырады, бірақ өңірдегі көршілерімен достық қатынасты сақтағысы келеді.
- Иранның 15 мемлекетпен құрлықтық немесе теңіз шекарасы бар, Тегеран олармен сындарлы әрі жылы қарым-қатынасты жалғастыруға ниетті.
- Иран АҚШ-тан шабуылдар салдарынан келген шығын үшін өтемақы талап етеді.
- Егер АҚШ өтемақы төлеуден бас тартса, Иран қолжетімді америкалық мүлікті тәркілеуі мүмкін, ал бұл мүмкін болмаса, соған тең шығын келтіреді.
- Ормуз бұғазын бұғаттау жалғасады. Иран бұл бұғазды Таяу Шығыстағы қақтығыста қысым тетігі ретінде пайдаланбақ.
- Иранның қарулы күштері мен арнайы қызметтері АҚШ пен Израильмен ұзаққа созылған қақтығыс жағдайында жаңа майдан ашу үшін осал тұстарды іздеп жатыр.
- Иран Ливандағы "Хезболла" қозғалысына және "Ирактағы исламдық қарсылық" ұйымына қолдауы үшін алғыс білдірді.
Бұл мәлімдеме Моджтаба Хаменеи әскери қақтығыс басталған алғашқы күні жараланғаны туралы ақпарат расталғаннан кейін көп ұзамай жасалды. Кейбір дереккөздер оның комада жатқанын да хабарлаған.
Айта кетейік, Иранды 37 жыл басқарған Али Хаменеи 1979 жылғы революцияны басқарған аятолла Рухолла Хомейнидің ізбасары болған. Ол 2026 жылғы 28 ақпанда Тегеранға жасалған АҚШ пен Израильдің соққысы кезінде қаза тапты.
4 наурызда бейресми ақпаратта оның орнына ұлы Моджтаба Хаменеи келетіні айтылды. 8 наурызда ол ресми түрде әкесінің мұрагері ретінде жарияланды.
Ал Израиль әскері Хаменеи әулетінің кез келген мұрагерін жоюы мүмкін екенін мәлімдеген.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
15:57, 13 наурыз 2026
Абай облысында есірткіні жарнамалайтын 50-ден астам жазба жойылды
-
15:49, 13 наурыз 2026
13 наурыздағы саудада доллар аздап арзандады
-
15:39, 13 наурыз 2026
Астанада блогер жұпқа қатысты сот процесі басталды
-
15:28, 13 наурыз 2026
Елордада полицейлер ана мен сәбиге көмек қолын созды
-
15:19, 13 наурыз 2026
Солтүстік Аралды құтқарудың жаңа кезеңі: Қазақстан қандай жоспар ұсынды





