254 келі болған ер адам 158 келі салмақ тастады
© Сурет: pixabay
Салмағы 254 келі болған ер адам екпе, дәрі-дәрмек және липосакциясыз дене салмағының жартысынан көбін тастаған. Ол 30 жасқа жетпей қайтыс болудан қорқып, өмір салтын өзгерткен, деп хабарлайды Zakon.kz.
Бұл қызық оқиға туралы Mirror басылымы жазды. АҚШ-тың 34 жастағы тұрғыны Генри Гонсалес ұзақ уақыт бойы фастфудқа күніне шамамен 45 фунт стерлинг (30 мың теңгеге жуық) жұмсаған.
Ер адам 7XL өлшемді киім киген. Оған предиабет, гипертония диагноздары қойылып, жүрек тұсы жиі қысылып ауырған.
"Мен шынымен жас кезімде қайтыс боламын деп ойладым. Фастфудтан әдетте екі чикенбургер, үлкен картоп фри, тауық етінен жасалған сэндвич және 20 наггетс тапсырыс беретінмін. Салмағым шарықтаған кезде бәрін жасау қиын еді: тіпті аяқ киімімнің бауын байлау немесе бірнеше минут тік тұрудың өзі ауыр болатын", – деп еске алады Генри.
Америкалықтың айтуынша, дене салмағының шамадан тыс көп болуына байланысты оның жүрегіне үнемі үлкен салмақ түскен. Ал өміріндегі бетбұрыс сәті өз киім брендін дамытуды шешкен кезде болды.
2019 жылдың қарашасында Генри асқазанды кішірейту операциясын жасатуды жоспарлаған. Алайда соңғы сәтте салмағын табиғи жолмен азайтып көруге шешім қабылдады. Ол жаттықтырушы тауып, алты жыл бойы тамақтану мен жаттығу бағдарламасын қатаң ұстанған.
"Бұрын мен өмір сүрмей, жай ғана тіршілік ететінмін. Операциялар мен екпелерге қатысты пікірім мынадай: егер жүре алсаң, өзің арықтай аласың. Менің нәтижем – берілмегенімнің арқасы", – деді ол.
Тұрақты жаттығу жасап, балық, құс еті мен көкөністен тұратын үй тағамдарына көшкен Генри 158 келі салмақ тастаған. Киім өлшемі 7XL-ден L-ге дейін өзгерген.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
16:12, 29 қыркүйек 2026
Владимир Путин Қазақстанға және басқа елдерге қолма-қол рубль алып шығу тәртібін қатаңдатты
-
12:35, 29 қыркүйек 2026
Алтын бағасы күрт құлдырады
-
11:08, 29 қыркүйек 2026
Саңырауқұлақ теруге шыққан ер адамның аяғын жолбарыс жұлып алып, орманға сүйреп әкеткен
-
10:57, 29 қыркүйек 2026
Нидерландта бір жасар балаға алғаш рет эвтаназия жасалды
-
10:46, 29 қыркүйек 2026
Ғалымдар арыстандар тобын бақылап, көпшілік арасындағы мифті жоққа шығарды





