Астанада пәтер иесі өрт салдарынан зардап шекті

17:20, 26 қаңтар 2025

© Фото: zakon.kz

26 қаңтарда ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінің қызметкерлері жоғары қабатта орналасқан пәтерде болған өртті ауыздықтады. Үй иесі зардап шекті, деп хабарлайды Zakon.kz.

Оқиға Астананың Сарыарқа ауданында Бейбарыс Сұлтан көшесінде болған, көпқабатты үйдің тоғызыншы қабатында орналасқан пәтер өртенді.

"Қабылданған жедел шаралардың арқасында өрттің көрші пәтерлерге таралуына жол берілмеді. Өрт 30 шаршы метр аумақта жойылды. Себебі анықталды", - деп хабарлады ТЖМ баспасөз қызметі.

1970 жылы туған пәтер иесі жедел медициналық жәрдем қызметкерлеріне тапсырылды.

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!