Төрехан Сабырхан бокстан әлем біріншілігінде алтын медальға таласады

10:40, 14 қыркүйек 2025

© Сурет: olympic.kz

Бокстан Қазақстан ерлер құрамасының өкілі Төрехан Сабырхан Ливерпульде (Ұлыбритания) өтіп жатқан әлем чемпионатының финалына жолдама алды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Отандасымыз 70 келіге дейінгі салмақтың жартылай финалында Одел Камарамен (Англия) өзара мықтыны анықтады.

Бірінші раунд қарсыластың пайдасына аяқталды. Дегенмен отандасымыз екінші және үшінші кезеңде басымдық танытып, жеңісті суырып алды.

Осылайша, 19 жастағы Төрехан Сабырхан (70 келіге дейін) алғаш рет ересектер арасындағы әлем біріншілігінде финалға өтті.

 

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!