Sun Star: Головкин P4P-рейтингінде көш бастады

08:17, 15 қазан 2017

Sun Star басылымы әлемнің үздік бокшыларының тізімін жариялады.

Бұл рейтинг түзілерде былғары қолғап шеберлерінің салмақ дәрежесі ескерілмейді (pound-for-pound), деп хабарлайды Sports.kz.

Көш басына орта салмақта WBA (Super), WBC, IBF және IBO тұжырымдары бойынша әлем чемпионы қазақстандық Геннадий Головкин (37-0-1, 33 КО) жайғасқан.

«Андре Уорд аяқ астынан бокстан кеткендігі туралы хабардан соң, GGG бұл тізімде бірінші орынға шықты. Одан қалды Головкин жақында ғана Сауль Альвареспен өткен кездесуді тең аяқтады. Дегенмен көпшілік оның жеңіске жеткеніне сенімді», – деп жазады Sun Star.

Басылымның P4P-рейтингі бойынша алғашқы алтылығы:

1. Геннадий Головкин (37-0-1, 33 КО)

2. Теренс Кроуфорд (32-0, 23 КО)

3. Сауль Альварес (49-1-2, 34 КО)

4. Василий Ломаченко (9-1, 7 КО)

5. Висаксил Вангек (44-4-1, 40 КО)

6. Майки Гарсия (37-0, 30 КО). 

Источник: khabar.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!