Айдос Ербосынұлы қиын-қыстау сәтте өзіне тілекші болған баршаға сәлем жолдады
© Сурет: Instagram/yerbossynuly_aidos
Жақында комадан шығып, АҚШ-та ауруханада ем алып жатқан отандық боксшы Айдос Ербосынұлы қиын-қыстау сәтте өзіне тілекші болған барша адамға телефон арқылы сәлем жолдады, деп хабарлайды Zakon.kz.
Айта кетсек, 6 қарашада АҚШ-та суперорта салмақ санатындағы жекпе-жек WBA нұсқасы бойынша әлем чемпионы атағы үшін Айдос Ербосынұлы кубалық боксшы Давид Моррельмен қолғап түйістірген болатын. Бұл кездесуде отандасымыз нокаутқа түсіп, жеңіліп қалған еді. Артынша іле-шала Ербосынұлы Миннеаполис қаласындағы ауруханалардың біріне шұғыл жеткізілді. Дәрігерлер оған "миға қан кету" диагнозын қойылды. Осыдан кейін жасанды комаға жіберіліп, оған ота жасалды. Жақында оның комадан шыққаны жария болды.
Suleimen Promotions командасының баспасөз қызметі Instagram-дағы парақшасында Айдос Ербосынұлының телефон арқылы қазақ халқына жолдаған аудио сәлемін жариялады.
"Ассалаумағалейкум, Қазақ елі! Қалдарыңыз қалай? Аллаға шүкір, тәуір болып келе жатырмыз. Біраз жекпе-жек барысында жарақат алып қалдық. Айналысып жүрген спортымыз оңай емес. Үлкен спорт болған соң мұндай жағдайлар болып тұрады. Маған дұға тілеп, тілектес болған баршаңызға Алла разы болсын. Әрдайым Сіздерді көңілімде ұстап жүремін. Рақмет!" Айдос Ербосынұлы
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
17:58, 20 қараша 2025
Дональд Трамп Роналдуға дән риза болды
-
22:35, 19 қараша 2025
Семсерлесуші София Актаева Ислам ынтымақтастығы ойындарында күміс медаль еншіледі
-
22:03, 19 қараша 2025
Ислам ынтымақтастығы ойындары: Зейнеп Баянова қола медаль иеленді
-
19:22, 19 қараша 2025
Елена Рыбакина алғаш рет Әлемдік теннис лигасында өнер көрсетеді
-
17:59, 19 қараша 2025
Globe Soccer Awards: жылдың үздік футболшысы атағынан үміткерлердің тізімі жарияланды





