Рыбакина Уимблдондағы жеңілісін түсіндіріп, жанкүйерлерін одан сайын ашуландырды
© Фото: zakon.kz
Әлемнің 11-ракеткасы, қазақстандық теннисші Елена Рыбакина “Уимблдон-2025” турнирінің жекелей сында үшінші айналымнан шығып қалғанының себебін түсіндіріп, жанкүйерлердің ашуын туғызды, деп хабарлайды Zakon.kz.
Елена Рыбакина кейінгі уақытта тұрақты түрде төмендеп келеді. Ол 5 шілде күні "Уимблдон-2025" жарысының үшінші айналымында WTA рейтингіндегі 23-орында тұрған даниялық теннисшіге есе жіберіп, жарыстан шығып қалды.
Себептердің бірі ретінде ол корттарды бөлу тәртібін атады, деп жазады Punto de Break. Уимблдонның бұрынғы чемпионының айтуынша, ол бірінші немесе орталық кортта ойнаймын деп күткен, себебі ол жақта жел соқпайды, ойнауға қолайлырақ.
Алайда Рыбакинаның кейінгі пікірі жанкүйерлер арасында наразылық туғызды.
— Қалай болғанда да, екеуіміз үшін де жағдай бірдей болды, тек мен бүгін бейімделе алмадым, - деді ол.
Жанкүйерлердің пікірі бір жерден шықты: "Рыбакинада жеңіске деген ішкі от, спорттық агрессия жоқ".
— Ешқандай күрескерлік рух жоқ, мүлдем ештеңе сезілмейді, — деп жазды матчты көргендер.
Басқалар Рыбакинаны соңғы екі жарым жылда “Үлкен дулыға” турнирлерінің финалына шықпағаны және ТОП-10 қатарына енбегені үшін сынады.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
11:44, 23 тамыз 2026
Әділжан Жаудинов дзюдодан әлем чемпионатында ел қоржынына үшінші алтын медальді салды
-
09:31, 22 тамыз 2026
16 жастағы қазақ қызы дзюдодан әлем чемпионатында тарих жаңартты
-
23:17, 21 тамыз 2026
Қазақстан триатлоннан Қытайдағы әлемдік серия кезеңіне қатысады
-
22:34, 21 тамыз 2026
Қазақстан суға секіруден жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионатында өнер көрсетуін бастады
-
20:08, 21 тамыз 2026
Қазақстандық теннисшілер Roland-Garros Junior Series финалына жолдама үшін таласады





