«Хабар» телеарнасы Сойлыбаев пен Варгас жекпе-жегін ұсынады

23:30, 19 қазан 2017

Арнамыздан былғары қолғап шеберлерінің шайқасын жібермей тамашалайтын көрерменге жағымды ақпар.

Ертең таңғы 7-де, АҚШ-тың Лас-Вегас қаласында кәсіпқой бокста жеңіліс көрмеген жерлесіміз Бекман Сойлыбаев екінші жартылай орта салмақта WBC International тұжырымы бойынша чемпиондық атағын корғайды. 

Қарсыласы – мексикалық Фернандо Варгас. Кеш АҚШ-та ESPN арнасы арқылы төрткүл дүниеге таратылады. Ал елімізде бұл кәсіби бокс кешін тікелей эфирде «Хабар» арнасы ертең таңғы сағат 7-де тікелей эфирде көрсететін болады. 

Бокс шоуы алдында Бекман Сойлыбаев жерлестеріне сәлемдеме жолдаған болатын. Назарларыңызға ұсынамыз. 

Источник: khabar.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!