Футболдан Қазақстан құрамасы өз тарихындағы ірі жеңілісті бастан өткерді
© Сурет: kff.kz
Қазақстан құрамасы 2022 жылғы әлем чемпионатына іріктеу кезеңінің ақтық кездесуін өткізіп, Франциядан тақыр-таза ұтылды, деп хабарлайды Zakon.kz.
Sports.kz сайтының хабарлауынша, Париждегі масқара жеңіліс Қазақстан құрамасының 2005 жылғы антирекордын жаңартты. Кезінде Қазақстан 2006 жылғы әлем чемпионатының іріктеу турнирінде Түркиядан 0:6 есебімен жеңіліп қалған болатын.
Қазақстандық футболшылар Франциямен арадағы ойынға дейін бұлайша ірі ұтылыспен бетпе-бет келіп көрген жоқ еді.
Қазақстанды ұтып кеткен Франция құрамасы өз тобында мерзімінен бұрын І-ші орынға көтеріліп, 2022 жылғы әлем чемпионатының финалына жолдама алды.
Бірінші таймда әлем чемпиондары үш рет гол соғып, екінші таймда да гол соғуды жалғастырды. Килиан Мбаппе покер (төрт гол) соқты, тағы бір шабуылшы Карим Бензема дубль (екі гол) жасады.
Қазақстандық спортшылар 2022 жылғы әлем чемпионатына іріктеу кезеңінде өз ойынын аяқтап, іріктеу тобындағы соңғы орынға жайғасты.
Голдар: Килиан Мбаппе 6, 12, 32, 87, Карим Бензема 55, 59, Адриен Рабьо 75, Антуан Гризманн 84 (пенальти)
Қазақстандықтар келесі кездесуін 16 қараша күні Нұр-Сұлтанда Тәжікстан құрамасына қарсы өткізеді.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
17:58, 20 қараша 2025
Дональд Трамп Роналдуға дән риза болды
-
22:35, 19 қараша 2025
Семсерлесуші София Актаева Ислам ынтымақтастығы ойындарында күміс медаль еншіледі
-
22:03, 19 қараша 2025
Ислам ынтымақтастығы ойындары: Зейнеп Баянова қола медаль иеленді
-
19:22, 19 қараша 2025
Елена Рыбакина алғаш рет Әлемдік теннис лигасында өнер көрсетеді
-
17:59, 19 қараша 2025
Globe Soccer Awards: жылдың үздік футболшысы атағынан үміткерлердің тізімі жарияланды





