Дзюдодан әлем чемпионаты: қазақстандықтар спортшылар жекелей жарыстардағы өнерін аяқтады

21:00, 19 маусым 2025

© Сурет: International judo federation

Қазақстан құрамасы дзюдодан Будапештте (Венгрия) өтіп жатқан әлем чемпионатындағы жекелей жарыстарда өнер көрсетуін аяқтады. Дзюдошы Ерасыл Қажыбаев әлем чемпионатында Олимпиада жүлдегеріне есе жіберді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Команда сапынан татамиге соңғы болып Ерасыл Қажыбаев (100 келіден жоғары) шықты.

Алғашқы белдесуінде ол Олимпиада ойындарының күміс жүлдегері, әлем чемпионы – оңтүстіккореялық Ким Минджонмен белдесті. Қарсылас кездесуді мерзімінен бұрын жеңіспен аяқтады.

20 маусымда біздің дзюдошылар командалық жарыстарда өнер көрсетеді. Алғашқы кездесу Бразилия құрамасына қарсы өтеді.

 

 

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!