Дзюдодан ӘЧ-2025: Марат Байқамұров финалға жете алмай, жарыс жолынан шығып қалды

19:52, 18 маусым 2025

© Сурет: ҚР ҰОК

Дзюдодан Қазақстан құрамасының өкілі Марат Байқамұров Будапешттегі (Венгрия) әлем чемпионатының 1/8 финалында жеңіліс тапты, деп хабарлайды Zakon.kz.

Ұлттық Олимпиада комитеті баспасөз қызметінің хабарлауынша, қазақстандық балуан 1/8 финалда Олимпиада чемпионы әзірбайжандық Зелим Коцоевпен белдесті.

Нәтижесінде Зелим Коцоев мерзімінен бұрын жеңіске жетті.

Айта кетейік, ел қоржынында әзірге бір медаль бар. Жарыстың бірінші күнінде Әбиба Әбужақынова 48 келіге дейінгі салмақта күміс жүлде еншілеген болатын.

 

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!