Анна Данилина теннистен Ұлыбританиядағы турнирдің финалына шығу үшін бақ сынайды

18:53, 20 маусым 2025

© Фото: zakon.kz

Теннистен Қазақстан құрамасының өкілі Анна Данилина Ұлыбританияның Ноттингем қаласында өтіп жатқан ірі турнирдің жартылай финалына шықты, деп хабарлайды Zakon.kz.

Жұптық сайыстың ширек финалында Данилина мен жапониялық Эна Сибахара чехиялық Анастасия Децюк пен нидерландтық Бибиана Схофс жұбымен кездесті.

Кездесу екі сетке созылды. Есеп: 7:6 (7:5), 6:3.

Жартылай финалдағы қарсыластары кейінірек анықталады.

 

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!