Тоқаев Кубаның вице-президенті Сальвадор Вальдес Месамен кездесті
© Сурет: akorda.kz
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Куба Республикасының Вице-президенті Сальвадор Вальдес Месамен кездесті, деп хабарлайды Zakon.kz.
Ақорданың баспасөз қызметінің хабарлауынша, Қасым-Жомарт Тоқаев бүгінгі жиынға қатысқаны үшін мәртебелі мейманға ризашылығын білдіріп, еліміз Кубаның ЕАЭО қызметіне үлесін жоғары бағалайтынын жеткізді.
Президент Еуразиялық экономикалық форумда талқыланған жасанды интеллектіні дамытудың өзектілігін атап өтіп, осы саладағы екіжақты ынтымақтастықты кеңейту перспективасына тоқталды.
Мемлекет басшысы еліміздегі экономиканың негізгі салаларын цифрландыру және оған жасанды интеллект технологияларын енгізу шаралары туралы мәлімет берді. Осы орайда, Қазақстанның Куба тарапымен электрондық үкіметті дамыту тәжірибесін бөлісуге, озық цифрлық шешімдерін экспорттауға әзір екенін растады.
Сальвадор Вальдес Меса Қасым-Жомарт Тоқаевқа Куба Президенті Мигель Марио Диас-Канель Бермудестің сәлемін жеткізіп, өзара сауда-экономикалық байланысты арттыруға ниетті екенін айтты.
Кездесуде медицина және фармацевтика бағытында тиімді ынтымақтастықты жандандыру әлеуетіне баса назар аударылды. Бұдан бөлек, іскерлік және мәдени-гуманитарлық қатынастарды тереңдету мүмкіндіктері қарастырылды.
Қазақстан Президенті мен Куба Вице-президенті халықаралық күн тәртібіндегі өзекті мәселелер жөнінде пікір алмасты.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
17:02, 29 мамыр 2026
Тоқаев Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің кеңейтілген құрамдағы отырысында не айтты
-
16:58, 29 мамыр 2026
Мемлекет басшысы ЕАЭО байланыстарын кеңейту туралы айтты
-
16:44, 28 мамыр 2026
Тоқаев пен Путин келіссөздері: қол қойылған құжаттардың толық тізімі жарияланды
-
13:53, 28 мамыр 2026
Қасым-Жомарт Тоқаев пен Владимир Путин келіссөздерді ресми делегация мүшелерінің қатысуымен жалғастырды
-
12:46, 28 мамыр 2026
Қазақстан мен Ресей президенттері шағын құрамда келіссөз жүргізді





