Алматыда тұрғын үйдегі өрт кезінде бес бала құтқарылды

15:46, 29 тамыз 2026
MKZ: 1564136

© Фото: Zakon.kz

Алматыда бес қабатты тұрғын үйде өрт шығып, құтқарушылар алты адамды, оның ішінде бес баланы қауіпсіз жерге шығарды. Зардап шеккендер жоқ, деп хабарлайды Zakon.kz.

Өрт Тұрғыт Озал көшесіндегі үйдің төртінші қабатындағы пәтерден шыққан. Оқиға орнына Төтенше жағдайлар министрлігінің алғашқы бөлімшелері келген кезде кіреберісті қою түтін басқан.

Құтқарушылар өртті барлау және сөндіру жұмыстары барысында баспалдақ арқылы ғимараттан алты адамды, оның ішінде бес баланы алып шықты.

ТЖМ мәліметінше, оқиға салдарынан ешкім зардап шекпеген.

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!