Тоқаев: Қазақстан ядролық державалар арасында кикілжің емес, келіссөздер болуын қолдайды
© Фото: akorda.kz
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Ядролық сынақтарға қарсы халықаралық іс-қимыл күніне орай үндеу жасады, деп хабарлайды Zakon.kz.
Президент өз үндеуінде осыдан 35 жыл бұрын Семей ядролық полигонының жабылғанын атап өтті.
"Ондаған жыл бойы жасалған жарылыстар азаматтарымыздың денсаулығына және қоршаған ортаға орасан зор зардабын тигізіп, халқымызға орны толмас қасірет әкелді. Бұл ядролық сынақтардың салдары күллі адамзат баласы үшін аса ауыр болғанын ұғындыратын, сондай-ақ әлем жұртшылығын мұндай алапат апатқа жол бермеуге шақыратын айрықша маңызды күн", – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.
Мемлекет басшысының айтуынша, Қазақстан әлемдегі қуаты жағынан төртінші орындағы ядролық арсеналдан өз еркімен бас тартып, бейбітшілік, қауіпсіздік және тұрақты даму жолын таңдады.
"Бұл қадам мемлекетіміздің өскелең ұрпақ алдындағы терең жауапкершілігін паш еткені сөзсіз", – деді ол.
Тоқаев Қазақстанның антиядролық ұстанымы өзгермейтінін атап өтті. Оның сөзінше, еліміз ядролық державалар арасындағы кикілжіңнен гөрі келіссөздерді қолдайды.
"Біз ядролық державалар арасында кикілжің емес, келіссөздер болуын қолдаймыз, Ядролық сынақтарға жан-жақты тыйым салу туралы шарттың күшіне енуін тездетуге және ядролық қаруды қолдануға қатысты қауіп-қатерлерді жою үшін бірлесіп батыл қадамдар жасауға шақырамыз", – деді Президент.
Сонымен қатар Мемлекет басшысы атом энергиясын тек бейбіт мақсатта пайдалануды қолдайтынын айтты.
"Біз атом энергиясын жасампаз мақсатта ғана пайдаланған жөн деп санаймыз. Халқымыз жалпыұлттық референдумда ядролық энергетиканы дамытудың стратегиялық бағыт-бағдарын бірауыздан қолдап, Қазақстанның ондаған жылдарды қамтитын экономикалық және ғылыми-техникалық өрлеуінің берік негізін қалады", – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.
Президент қазіргі реформалардың негізгі мақсаты Әділетті, Озық және Таза Қазақстан құру екенін атап өтті.
"Бәріміз бір ел болып, биік мақсатымызға жетеміз. Мен бұған кәміл сенемін", – деп қорытындылады Мемлекет басшысы.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
09:30, 29 тамыз 2026
Непалдағы табиғи апат аймағында болуы мүмкін Қазақстанның үшінші азаматы іздестіріліп жатыр
-
22:41, 28 тамыз 2026
Қазақ дәрігері көзді емдеудің тың тәсілін ойлап тапты
-
22:29, 28 тамыз 2026
Қазақстандық шабандоз Польшадағы халықаралық турнирде күміс медаль жеңіп алды
-
22:16, 28 тамыз 2026
Петропавлда кәріз құдығынан әйелдің денесі табылды
-
21:55, 28 тамыз 2026
ШҚО-да қауіпті қылмыскер түрмеден қашты





