Атырауда 277 келі бекіре балығын заңсыз тасымалдаған күдіктілер ұсталды

13:50, 29 тамыз 2026
MKZ: 1564124

© Сурет: polisia.kz

Атырау облысы полиция департаментінің қызметкерлері "Құқықтық тәртіп" жедел-профилактикалық іс-шарасын жүргізу кезінде Нұрсая ықшам ауданында күдік тудырған Toyota Ipsum автокөлігін тоқтатқан, деп хабарлайды Zakon.kz.

Тексеру барысында салмағы 277,4 келі бекіре тұқымдас балықтары табылып, тәркіленді. Қазіргі уақытта екі күдікті қамауға алынды.

Аталған дерек бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізіліп жатыр.

Өзге ақпарат Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабына сәйкес жариялануға жатпайды. Қазақстан Республикасы Конституциясының 77-бабы 3-тармағының 1-тармақшасы, ҚПК-нің 19-бабы 1-бөлігіне сәйкес адамның кінәлі екендігі заңды күшіне енген сот үкімімен танылғанша ол жасалған қылмысқа кінәлі деп саналмайды.

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!