Мемлекет басшысы Таиланд Премьер-министрімен кездесу өткізді
© Сурет: akorda.kz
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Шанхайдағы жұмыс сапары аясында Таиланд Премьер-министрі Анутин Чарнвиракулмен кездесті.
Мемлекет басшысы Қазақстан Таиландты Азиядағы басты серіктестердің бірі ретінде қарастыратынын атап өтті.
Президент екі елдің экономикалық ықпалдастығының келешегін жоғары бағалады. Биыл төрт айда тауар айналымы былтырғы сәйкес кезеңмен салыстырғанда 76 пайызға ұлғайып, 110 миллион доллардан асқан.
Қасым-Жомарт Тоқаевтің пікірінше, аталған көрсеткішті әлі де арттыра түсуге болады. Әсіресе, сауда-саттық көлемін аграрлық өнімдерді жеткізу есебінен ұлғайтуға мол мүмкіндік бар.
Мемлекет басшысы кәсіпкерлерге қолайлы жағдай жасау мақсатында екі ел үкіметтері арасындағы байланысты жандандыруды ұсынды.
Ынтымақтастықты жандандыратын саланың бірі – туризм.
Таиланд Қазақстан азаматтары үшін ең танымал бағыттардың қатарына кіреді. Өткен жылдың өзінде бұл елге 150 мыңнан аса отандасымыз барған.
Қазақстан да Таиланд азаматтарына демалыстың бірегей мүмкіндіктерін, соның ішінде қысқы туризм қызметін ұсына алады.
Анутин Чарнвиракул елінің өзара мүддеге сай көптеген мәселе бойынша ықпалдастықты арттыруға ниетті екенін мәлімдеді Оның айтуынша, Бангкок экономика, сауда, цифрландыру және туризм салаларындағы әріптестікке тың серпін беру қажет деп санайды. Кездесу соңында Қасым-Жомарт Тоқаев Премьер-министр Анутин Чарнвиракулды Қазақстанға ресми сапармен келуге шақырды.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
14:07, 17 шілде 2026
Қасым-Жомарт Тоқаев адамзат ЖИ-дің даму жолына үлгермей келе жатқандығын айтты
-
19:40, 16 шілде 2026
Си Цзиньпин Тоқаевтың реформаларын жоғары бағалады
-
14:03, 16 шілде 2026
Тоқаев: Қазақстан мен Қытай қарым-қатынасы жаңа «алтын отызжылдыққа» қадам басты
-
18:33, 15 шілде 2026
Тоқаев Шанхайға жұмыс сапарымен барды
-
19:26, 8 шілде 2026
Мемлекет басшысы АҚШ Конгресінің сенаторы Стив Дэйнсті қабылдады





