Құрылтайдың ресми сайты іске қосылды

15:14, 29 тамыз 2026
MKZ: 1564131

© Сурет: t.me/quryltairesmi

Қазақстан Республикасы Құрылтайының ресми сайты — quryltai.kz іске қосылды. Енді Құрылтайдың қызметі туралы ақпаратты бір жерден алуға болады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Сайтта Құрылтай мен оның депутаттарының жұмысына қатысты өзекті ақпарат, заң жобаларының мәтіндері, алдағы іс-шаралардың анонстары және талдамалық материалдар жарияланады.

Сонымен қатар платформада Құрылтай отырыстарының онлайн-трансляцияларын көруге, фото және бейнематериалдармен танысуға мүмкіндік бар.

Еске салайық, кеше, 2026 жылғы 28 тамызда Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Құрылтайдың бірінші сессиясын ашты.

Айбек Дәдебай Қазақстан Құрылтайының төрағасы болып сайланды.

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!