30 тамызда қай өңірлерде ауа райына байланысты ескерту жасалды
© Фото: pixabay
Қазақстанның бірқатар өңірінде ауа райы күрт құбылады. Синоптиктер кей облыстарда жаңбыр, найзағай, бұршақ пен шаңды дауыл болатынын болжап, бірнеше аймақта желдің екпіні секундына 23-28 метрге дейін жететінін ескертті. Сонымен қатар бірқатар өңірде төтенше өрт қаупі сақталады.
Алматы облысының таулы аудандарында аздаған жаңбыр, найзағай күтіледі. Оңтүстік-батыстан соғатын жел солтүстікке ауысады, облыстың таулы аудандарында екпіні 18 м/с. Облыстың орталығында, батысында, шығысында төтенше өрт қаупі сақталады. Қонаев қ.: төтенші өрт қаупі сақталады. Іле Алатауы (Алматы қаласының Медеу және Бостандық аудандарының таулы аймақтары) бойынша: күндіз аздаған жаңбыр, найзағай күтіледі. Оңтүстік-батыстан соғатын жел солтүстікке ауысады, кей уақыттарда екпіні 18 м/с.
Солтүстік Қазақстан облысының шығысында жаңбыр, найзағай, бұршақ күтіледі. Түнде және таңертең облыстың батысында, солтүстігінде тұман күтіледі. Солтүстік-батыстан жел соғады, күндіз облыстың солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде екпіні 15-20 м/с. Петропавл қ.: түнде және таңертең тұман күтіледі. Солтүстік-батыстан жел соғады, күндіз екпіні 15-20 м/с.
Атырау облысында төтенше өрт қаупі сақталады. Атырау қ.: төтенше өрт қаупі сақталады.
Жетісу облысының таулы аудандарында өткінші жаңбыр, найзағай. Солтүстік-батыстан жел соғады, облыстың шығысында екпіні 15-20, күндіз кей уақыттарда 23-28 м/с. Облыстың орталығында, оңтүстігінде, шығысында төтенше өрт қаупі сақталады. Талдықорған қ.: төтенше өрт қаупі сақталады.
Ақтөбе облысының батысында, солтүстігінде тұман күтіледі. Облыстың солтүстік-шығысында, солтүстік-батысында, орталығында жоғары өрт қаупі сақталады, облыс бойынша төтенше өрт қаупі сақталады. Ақтөбе қ.: түнде және таңертең тұман күтіледі. Төтенше өрт қаупі сақталады.
Ақмола облысының солтүстігінде, оңтүстігінде, шығысында жаңбыр, найзағай, күндіз облыстың шығысында қатты жаңбыр күтіледі. Түнде және таңертең облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында тұман күтіледі. Солтүстіктен, солтүстік-батыстан жел соғады, облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында екпіні 15-20, кей уақыттарда 25 м/с. Көкшетау қ.: кей уақыттарда жаңбыр, найзағай күтіледі. Солтүстіктен, солтүстік-батыстан жел соғады, күндіз екпіні 15-20 м/с.
Түркістан облысының солтүстігінде, таулы аудандарында өткінші жаңбыр, найзағай, облыстың солтүстігінде шаңды дауыл күтіледі. Солтүстік-батыстан жел соғады, облыстың солтүстігінде, таулы аудандарында екпіні 15-20 м/с. Төтенше өрт қаупі сақталады. Шымкент қ.: төтенше өрт қаупі сақталады. Түркістан қ.: төтенше өрт қаупі сақталады.
Маңғыстау облысының батысында, орталығында жаңбыр, найзағай күтіледі. Солтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың солтүстік-батысында, оңтүстігінде екпіні 15-20 м/с күтіледі. Облыстың батысында, солтүстігінде төтенше өрт қаупі сақталады, облыстың орталығында жоғары өрт қаупі сақталады. Ақтау қ.: төтенше өрт қаупі сақталады.
Қостанай облысының облыстың батысында, солтүстігінде тұман күтіледі. Солтүстік-батыстан жел соғады, облыстың солтүстігінде, шығысында 15-20 м/с. Облыстың солтүстік-батысында, шығысында жоғары өрт қаупі сақталады, облыстың оңтүстігінде, оңтүстік-шығысында, орталығында төтенше өрт қаупі сақталады. Қостанай қ.: солтүстік-батыстан жел соғады, күндіз екпіні 15-20 м/с күтіледі.
Жамбыл облысының таулы аудандарында өткінші жаңбыр, найзағай күтіледі. Солтүстік-батыстан жел соғады, күндіз облыстың таулы аудандарында 15-20 м/с күтіледі. Төтенше өрт қаупі сақталады. Тараз қ.: төтенше өрт қаупі сақталады.
Батыс Қазақстан облысының батысында, солтүстігінде тұман күтіледі. Төтенше өрт қаупі сақталады, облыстың солтүстік-батысында жоғары өрт қаупі сақталады. Орал қ.: түнде және таңертең тұман күтіледі. Төтенше өрт қаупі күтіледі.
Павлодар облысында оңтүстігінде, шығысында қатты жаңбыр, найзағай, бұршақ күтіледі. Түнде және таңертең облыстың оңтүстігінде, шығысында, орталығында тұман күтіледі. Оңтүстіктен жел солтүстік-батысқа ауысады, күндіз облыстың оңтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с. Павлодар қ.: күндіз жаңбыр, найзағай күтіледі. Түнде және таңертең тұман күтіледі.
Шығыс Қазақстан облысының солтүстігінде, шығысында жаңбыр, найзағай, күндіз бұршақ күтіледі. Жел солтүстік-батыстан соғады, облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында 15-20 м/с. Өскемен қ.: түнде және таңертең жаңбыр, найзағай күтіледі. Жел солтүстік-батыстан соғады, түнде екпіні 15-20 м/с.
Абай облысының батысында, солтүстігінде жаңбыр, найзағай, күндіз облыстың орталығында жаңбыр, найзағай, бұршақ күтіледі. Жел солтүстік-батыстан соғады, түнде облыстың батысында, солтүстігінде, орталығында, күндіз облыстың шығысында, оңтүстігінде екпіні 15-20 м/с. Облыстың оңтүстік-батысында төтенше өрт қаупі сақталады. Семей қ.: түнде жаңбыр, найзағай күтіледі. Жел солтүстік-батыстан соғады, түнде екпіні 15-20 м/с.
Қызылорда облысының солтүстігінде, оңтүстігінде, орталығында жаңбыр, найзағай, дауыл, шаңды дауыл күтіледі. Жел солтүстіктен соғады, облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде, орталығында 15-20 м/с күтіледі. Облыс бойынша төтенше өрт қаупі сақталады. Қызылорда қ.: таңертең және күндіз жаңбыр, найзағай күтіледі. Төтенше өрт қаупі сақталады.
Қарағанды облысының батысында, солтүстігінде, шығысында жаңбыр, найзағай, бұршақ, дауыл күтіледі. Түнде және таңертең облыстың солтүстігінде, шығысында тұман. Оңтүстік-шығыстан соғатын жел солтүстік-батысқа ауысады, таңертең және күндіз облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында екпіні 15-20, кей уақыттарда 23 м/с. Облыстың оңтүстігінде төтенше өрт қаупі сақталады. Қарағанды қ.: күндіз жаңбыр, найзағай күтіледі. Түнде және таңертең тұман. Оңтүстік-шығыстан соғатын жел солтүстік-батысқа ауысады, күндіз екпіні 15-20 м/с.
Ұлытау облысының солтүстігінде, шығысында аздаған жаңбыр, найзағай күтіледі. Солтүстік-шығыстан соғатын жел солтүстік-батысқа ауысады, күндіз облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с. Төтенше өрт қаупі сақталады. Жезқазған қ.: төтенше өрт қаупі сақталады.
Астанада кей уақыттарда жаңбыр, найзағай күтіледі. Солтүстіктен, солтүстік-батыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
17:44, 29 тамыз 2026
Ольга Бузованың Алматыдағы концерті өтпейтін болды
-
17:33, 29 тамыз 2026
Непал мен Қытайдағы алапат су тасқынынан кейін 3 мыңнан астам адам хабар-ошарсыз кеткен
-
15:54, 29 тамыз 2026
Тоқаев Қауіпсіздік Кеңесінің аппаратын құру туралы жарлыққа қол қойды
-
15:46, 29 тамыз 2026
Алматыда тұрғын үйдегі өрт кезінде бес бала құтқарылды
-
15:14, 29 тамыз 2026
Құрылтайдың ресми сайты іске қосылды





