Стаффан де Мистура: Астана процесінің табысты өтуін қалаймыз

17:26, 22 қаңтар 2017

Стаффан де Мистура Астана процесі Сирия «Сирия мәселесіне қатысты Астана процесінің табысты өтуін қалаймыз».

Бүгін елордада Қазақстанның Сыртқы істер министрі Қайрат Әбдірахмановпен кездескен БҰҰ-ның Сирия жөніндегі арнайы өкілі Стаффан де Мистура осылай деп мәлімдеді. Сирия дағдарысына байланысты ертең Астанада өтетін келіссөзге дайындық барысын сөз еткен маман арағайындық танытып отырған Қазақстанның рөлін жоғары атап өтті.

«Сирия үкіметі мен оппозициясы арасындағы қарулы қақтығыстарды тоқтату бағытында Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың екіжақты бір үстел басына жинап, алтын көпір болып отырғанына БҰҰ Бас хатшысы өз алғысын білдіреді», - дейді Мистура.

Өз кезегінде Қазақстан Сыртқы істер министрі Қайрат Әбдірахманов БҰҰ-ның Астана процесінде алар орны ерекше екеніне тоқталып, келіссөздің оң шешілетініне сенім білдірді.

Бүгін сондай-ақ Қайрат Әбдірахманов Иран мен Ресейдің және Түркияның делегация басшыларымен кездесіп, Сирия дағдарысын шешуге бағытталған келіссөз жайын талқылады.

Источник: khabar.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!