Ресейде Инновациялық технологиялар саябағының өкілдігі ашылды
Қазақстандық «Инновациялық технологиялар саябағының» өкілдігі ресейлік «Сколково» технопаркінде жұмыс істейтін болды.
Бұл – Еуразиялық экономикалық одаққа мүше елдер басшыларының Сочи қаласында өткен Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңесте жеткен келісімдердің нақты бір нәтижесі. Филиалды ашу рәсіміне Қазақстан Республикасы Премьер-министрінің орынбасары Асқар Жұмағалиев қатысты. Бұл шара «Ашық инновациялар-2017» VI Мәскеу халықаралық форумының аясында өткен. Биылғы форумның басты тақырыбы – цифрлық экономика. Әлемнің 90 елінен жиналған 18 мыңнан астам қатысушы цифрлық экономика мен әлемдік ақпараттандыруға қатысты ғаламдық үрдістердің трансформациялануын талқылауда.
Асқар Жұмағалиев, ҚР Премьер-министрінің орынбасары:
– Қазіргі таңда Президент тапсырмасымен сәйкес «Цифрлық Қазақстан» бағдарлама жобасы бойынша жұмыс істеп жатырмыз, осы бағдарлама ішінде біз ең маңызды элементтерді анықтайтын боламыз. Біріншіден, ол – адами капиталды дамыту. Сочиде Президент берген тапсырмаға сәйкес «Сколково» базасында Инновациялық технологиялар паркінің өкілдігін аштық.
Источник: khabar.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
21:36, 17 қараша 2025
Тоқаев Мирзиёевке қонақжайлылығы үшін алғыс айтып, Өзбекстанға жасаған сапарының тарихи мәніне тоқталды
-
17:07, 17 қараша 2025
Қазақстан мен Эстония президенттері келіссөз жүргізді
-
16:45, 17 қараша 2025
Ақордада Эстония президентін салтанатты түрде қарсы алды
-
13:23, 15 қараша 2025
Тоқаев пен Мирзиеев қандай құжаттарға қол қойды
-
10:35, 15 қараша 2025
Тоқаев Мирзиеевмен келіссөз жүргізді





