Өзбекстан Президенті Жамбыл облысындағы қайғылы оқиғаға байланысты Қазақстан халқына көңіл айтты

17:54, 19 ақпан 2017

Өзбекстан Республикасының Президенті Шавкат Мирзиёев Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевқа Жамбыл облысындағы қайғылы оқиғаға байланысты көңіл айту жеделхатын жолдады.

Бұл туралы Өзбекстан Республикасы Сыртқы Істер министрлігі хабарлады. 

Өзбекстан басшысы Жамбыл облысында қар көшкінінен қаза болғандардың отбасылары мен туыстарына және қазақ халқына қайғырып, көңіл айтатындығын жеткізген.

Источник: khabar.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!