Н.Нығматулин Армения Парламентінің Төрағасы А.Мирзоянмен кездесті
Мәжіліс Төрағасы Нұрлан Нығматулин Армения Ұлттық Жиналысының Төрағасы Арарат Мирзоянмен парламентаралық ынтымақтастықты нығайту мәселелерін талқылады, деп хабарлайды ҚР Парламенті Аппаратының баспасөз қызметі.
Н.Нығматулин мен А.Мирзоянның кездесуі осы күндері Ереванда өтіп жатқан, ҰҚШҰ Парламенттік Ассамблеясы аясында өтті.
Өзара тиімді әріптестік пен сенім негізінде дамып келе жатқан қазақстандық-армяндық қатынасқа баса назар аудара келіп, Нұрлан Нығматулин Қазақстан басшылығы барлық салада екіжақты іс-қимылды дамытуға баса көңіл бөлетінін атап өтті.
Мәжіліс Спикерінің пікірінше, Еуразиялық Экономикалық Одақ аясында бірлескен жұмыс сауда-экономикалық байланысты тереңдетуге жол ашады.
Қазақстандық-армяндық парламентаралық қарым-қатынас туралы сөз еткенде Мәжіліс Төрағасы алдағы еуразиялық интеграцияны заңнамалық қамтамасыз ету жолындағы бірлескен жұмысқа көңіл бөлді. Нұрлан Нығматулин сондай-ақ, өз әріптесіне заңнамалық қызмет бойынша тәжірибе алмасу үшін ынтымақтастық жөніндегі топтар мен бейінді комитеттер әлеуетін кеңінен пайдалануды ұсынды.
Кездесу барысында тараптар ҰҚШҰ ПА аясында өзара іс-қимылды күшейтуге қатысты сұрақтарды да талқылады. Арарат Мирзоян атап өткендей, парламентшілердің бірлескен жұмысы қазіргі заманғы ең өзекті сұрақтардың шешімін табуға мүмкіндік береді.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
23:09, 27 қараша 2024
Қазақстан мен Ресей қандай құжаттарға қол қойды
-
21:15, 27 қараша 2024
Путин: Тоқаевтың басшылығымен Қазақстан толайым табыстарға қол жеткізді
-
21:15, 27 қараша 2024
Мемлекет басшысы Ресей президентімен кеңейтілген құрамда келіссөз жүргізді
-
20:05, 27 қараша 2024
Тоқаев шағын құрамдағы келіссөздер кезінде нендей мәселелер талқыланғанын айтты
-
19:30, 27 қараша 2024
Путин Тоқаевты Ұлы Жеңістің 80 жылдығына арналған шараға қатысу үшін Мәскеуге шақырды