Н.Назарбаев Сауд Арабиясының ішкі істер министрі Әбдел Әзиз бен Сауд бен Наифты қабылдады

12:57, 19 қазан 2017

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Сауд Арабиясы Корольдігінің Ішкі істер министрі Әбдел Әзиз бен Сауд бен Наифпен кездесті.
Елбасы Қазақстан мен Сауд Арабиясы Корольдігі арасында орныққан мемлекетаралық ынтымақтастықтың маңыздылығы ерекше екенін атап өтті. «Тәуелсіздік алғалы бері Сауд Арабиясымен бауырластық қарым-қатынастар орнату үшін барлық шаралар атқарылды. Астананы  салуға қолдау көрсеткендеріңіз үшін сіздерге ризашылық білдіремін», – деді Президент. 
Сондай-ақ Нұрсұлтан Назарбаев жаһандық терроризм мен экстремизм қауіп төндіріп тұрған кезде екі елдің құқық қорғау органдары арасында байланыстар орнатудың маңызды екенін атап өтті. Сауд Арабиясы Корольдігінің Ішкі істер министрі Елбасына Сауд Арабиясының Королі Салман бен Әбдел Әзиз Әл Саудтың сәлемін жеткізіп, елдерінің екіжақты табысты ынтымақтастықты одан әрі нығайтуға және дамытуға ниетті екенін айтты.
Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының Президенті:
– Қазақстанға, біздің жаңа елордамыз Астанаға қош келдіңіз. Біздің Тәуелсіздігімізге биыл 26 жыл болды. Осы жылдар ішінде Сауд Арабиясымен бауырлық жақын қарым-қатынаста болуға барлық әрекетті жасап келе жатырмыз. Осы жылдардың ішінде көп ханзадалар болды, бірінші күннен бастап көп патшалармен де кездесіп келе жатырмын. Әл Саудтан бастап, Абдулладан кейінгі король Салманмен, барлығымен кездесіп жүрмін. Сіздердің елді өзімізбен жақын әріптес деп санаймыз. Терроризм, экстремизм жағдайында сіздің жұмысыңыздың мағынасы өте зор. Біздің органдармен бірлесіп жұмыс істейді деп сенемін. 
Әбдел Әзиз бен Сауд бен Наиф, Сауд Арабиясы Корольдігінің Ішкі істер министрі: 
– Жоғары мәртебелі Президент мырза, қошеметпен қабыл алғаныңызға көп рахмет. Король Салманның атынан жылы лебіз жеткізгім келеді. Біздің корольдің тарапынан және оның тақ мұрагері Мұхаммедтің сізге деген көзқарасы өте жақсы, Сіздің орныңыз біз үшін өте ерекше. Сондай-ақ елдеріңіздің дамуы бізді қуанышқа бөлейді. Қазақстанға Сұлтан бен Әзиз сапармен келген болатын. Қазіргі уақытта да Қазақстанмен қатынастарды дамытуға мүдделіміз. Қазақстанды Орталық Азия жеріндегі елдердің арасында өте ерекше мемлекет деп санаймыз. Екі ел арасында екіжақты ынтымақтастықты дамытуға арналған бағыттарымыз бар.
 

Источник: khabar.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!