Мемлекет басшысы Д.Құдайбергенов және А.Сатаевпен кездесті

18:28, 26 сәуір 2017

Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан халқы Ассамблеясының XXV сессиясы басталар алдында жас әнші Димаш Құдайбергенов және режиссер Ақан Сатаевпен кездесті.

Елбасы әңгіме барысында Д.Құдайбергеновті Қытайда өткен халықаралық байқаудағы жеңісімен құттықтап, оған бақ-береке және зор шығармашылық табыс тіледі.

А.Сатаев Қазақстан Президентіне өзінің жоспарлары жөнінде айтты. Нұрсұлтан Назарбаев кинотуындылар түсірерде қазақ ұлтының қалыптасуы, тәуелсіз Қазақстанның жаңа елордасының салынуы жөніндегі тақырыптардың өзекті екенін ескеру қажеттігін атап өтті.

Соңында Қазақстан Президенті еліміздің жас әншісі мен белгілі режиссеріне батасын берді.

Источник: khabar.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!