ҚР Бас прокуратурасы Лондондағы сот органдарының тәжірибесін зерттеуде

14:05, 24 маусым 2017

Президент Әкімшілігі Басшысының орынбасары Талғат Донақов басқарған қазақстандық делегация Қазақстанның қылмыстық процесін жаңғырту тұрғысында құқық қорғау және сот органдарының тәжірибесін зерттеу үшін жұмыс сапарын Лондон қаласында жалғастырды.

Бас прокуратурада хабарлағандай, сапар шеңберінде құқықтық семинар ұйымдастырылды. Онда қылмыстық қудалау, қылмыстық процесте соттар әкімшілігінің ролі, сотқа дейінгі тергеп-тексеру мен сот төрелігін атқарудағы тиімді өзара әрекеттестік жөніндегі сұрақтар талқыланды.

Ағылшын судья, прокурор, полицей мен адвокаттардың сот өндірісінде тепе-теңдікті қамтамасыз ету, сотқа дейінгі өндіріс нысаны, дәледерді бекіту, қылмыстық процесте азаматтардың құқығын қорғауда адвокаттардың ролі және қылмыстық ахуалды бағалау жүйесіндегі жұмыс тәжірибелері қазақстандық делегацияның қызығушылығын туғызды.

Источник: khabar.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!