Қасым-Жомарт Тоқаев Словенияның бұрынғы Президенті Данило Тюркпен кездесті

Қасым-Жомарт Тоқаев "Astana Club" халықаралық пікірталас алаңына қатысу үшін Нұр-Сұлтан қаласына келген Словенияның бұрынғы Президенті Данило Тюркпен кездесті, деп хабарлайды Zakon.kz Ақордаға сілтеме жасап.
Тараптар БҰҰ-ның даму жағдайын талқылап, халықаралық күн тәртібіндегі өзекті мәселелер жөнінде пікір алмасты. Барлық салалар бойынша, атап айтқанда, экономикалық бағыттағы көпжақты ынтымақтастықты нығайту қажеттігі сөз болды.
Словениялық саясаткер 2020 жылдың маусым айында Нұр-Сұлтан қаласында өтетін Дүниежүзілік сауда ұйымының Министрлер конференциясы табысты болатынына сенім білдіріп, Қазақстанның көпжақты байланыстарда, оның ішінде, сауда және бейбітшілік пен қауіпсіздікті қамтамасыз ету мәселелерінде белсенді рөл атқаратынын жеткізді.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
17:12, 18 ақпан 2021
Тоқаев Путинмен телефон арқылы сөйлесті
-
16:21, 18 ақпан 2021
Тоқаев Өзбекстанның Сыртқы істер министрін қабылдады
-
10:23, 12 қараша 2020
Тоқаев Мирзиёевпен телефон арқылы сөйлесті
-
14:50, 9 қазан 2020
Үкімет басшысы Асқар Мамин Ереванға барды
-
21:36, 18 қыркүйек 2020
Тоқаев БҰҰ Бас Ассамблеясының 75-сессиясының жұмысына қатысады
Пікір