Енді жөнсіз, әдепсіз жарнамаларға жол бергендер жазаланады

22:22, 21 маусым 2017

Енді Қазақстан аумағында тауардың құнын ұлттық валютамен көрсетпеген жарнамаға әкімшілік айып тағылатын болады.

Бүгін бұл жайлы Ұлттық экономика министрі Тимур Сүлейменов мәлімдеді. Жарнама мәселелері бойынша кей заңнамалық актілерге өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы заң жобасын депутаттар бүгін бірінші оқылымда талқылады. Ол бойынша енді жөнсіз, әдепсіз жарнамаларға жол бергендер жазаланады. Сондай-ақ ұлттық аза тұту күні жарнама берген телерадиоарналар да әкімшілік жауапкершілікке тартылады. «Бізде қоғамға ой салатын әлеуметтік жарнамалар аз», – дейді министр. Олардың санын арттыру міндеті тұр, енді мұндай әлеуметтік жарнамалар 15 телерадиоарнаға ақысыз орналастырылатын болады.

Сәкен Қаныбеков, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты:

– Біріншіден, жарнамалық конструкцияларды орналастырудың қолданыстағы практикасы қалай өзгереді? Екінші сұрағым –оларды орнату қалай регламенттелетін болады?

Тимур Сүлейменов, ҚР Ұлттық экономика министрі:

– Қазіргі қолданыстағы заңда бұл екі ұғымның ара-жігі ашылмаған. Бар проблема содан туындап отыр. Жарнама конструкцияларын орналастыру жер, сәулет, құрылыс жөніндегі заңнамада анықталса, жарнаманың мазмұндық жағы жарнама туралы заңмен реттеледі. Енді сыртқы жарнаманың мазмұны, өлшемі арнайы типтік ережеге бағынатын болады. Оны біз осы құжатта анықтап көрсетеміз.

Источник: khabar.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!