Елбасы Премьер-Министрдің орынбасары – Ауыл шаруашылығы министрі А.Мырзахметовты қабылдады
Кездесу барысында елдің агроөнеркәсіп кешенін дамыту бағдарламасының аралық нәтижелері сөз болып, оны одан әрі жүзеге асыруға арналған жоспарлар қаралды.
Елбасы саланың ел экономикасындағы үлесі зор екенін айта келіп, ауыл шаруашылығына бөлініп жатқан қомақты қаражаттың тиімді жұмсалмай отырғандығына тоқталды. Өз кезегінде Асқар Мырзахметов аграрлық өнеркәсіп кешені мемлекеттік бағдарламасы аясында ауыл шаруашылығын әрі қарай дамыту бойынша 12 басым бағыттың арнайы картасы әзірленіп жатқанын хабарлады. Соңында Мемлекет басшысы бірқатар нақты тапсырма берді.
Айта кетейік, кездесудің алдында Нұрсұлтан Назарбаев барлық шаруаларды орақ науқанының сәтті аяқталуымен құттықтады.
Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының Президенті:
-Несмотря на сложные условия в начале лета, аграрии собрали очень солидный объём урожая. Есть возможности для обеспечения внутренних потребностей и экспорта нашей продукции. В целом все показатели демонстрируют положительную динамику. Но несмотря на это, аграрный сектор является драйвером нашей экономики. В него вкладываются большие государственные средства. Они должны давать соответствующую отдачу, которой пока, к сожалению, нету. Темпы уборки выше прошлого года. В этом году намолочено 21,7 миллиона тонн при урожайности 14,2 центнера с гектара. Это неплохой результат по сравнению с другими годами. В соответствии с намеченными планами мы занимались развитием потребительской кооперации, улучшением семенного фонда и повышением продуктивности животноводства, сейчас высказываются мнения, что не субсидии, а, может быть, льготные кредиты давать. Ауыл шаруашылығында халқымыздың біразы тұрып жатыр. Жұмыс істейтін адамдардың 15-16 проценті ауылда тұрады. Бүгінгі күні олардың барлығының жағдайы жаман емес. Аралап көріп жүрміз. Бүгін ауылымызда халық барлық жағынан алғанда ауқатты. Малы да, жайы да, жағдайы да бар. Мұның бәрі дұрыс. Дегенмен, ауыл шаруашылығы өнімінің артымдылығын көбейтіп, оның бағасын көбейтіп, экспортты көбейтіп, әсіресе ауыл шаруашылығында ғылыммен шұғылдану жағдайы кейіндеп бара жатыр.
Асқар Мырзахметов, ҚР Премьер-Министрінің орынбасары – Ауыл шаруашылығы министрі:
-Биыл жыл басында мемлекеттік бағдарлама қабылданды. Сол бағдарламада осы талай міндеттерді орындауға бірқатар шаралар қарастырылған. Бірақ оған қосымша Сіздің қойған міндеттерге сәйкес мемлекеттік қолдау тиімділігін арттыру, басты бағыттағы қордаланған проблемаларды тиімді шешу үшін біз 12 карта жасадық. Мысалы, тұқым шаруашылығын дамыту. Оның проблемалары қандай және оны қалай шешу керек? Техниканы қалай жаңарту керек немесе тыңайтқыштарды қалай пайдалану керек деген секілді. Айталық, қой шаруашылығындағы проблемаларды қалай шешу керек? 12 картаның сегізі бүгінгі таңда жасалып бітті. Оның біреуі Сіздің тапсырмаңызға сәйкес кооперция жөнінен еді. Ол бүгінгі таңда жұмыс жасап жатыр. Жаз айларында ауыл шаруашылығында туындайтын мәселенің бірі – қайта өңдеу. Осындай картаны Үкімет бекітті. Қалған 6 карта тауар өндірушілермен талқыланып жатыр.
Источник: khabar.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
16:13, 18 желтоқсан 2024
Қасым-Жомарт Тоқаев пен Умару Сисоку Эмбало бірлескен мәлімдеме жасады
-
14:41, 18 желтоқсан 2024
Қазақстан мен Гвинея президенттері бірқатар құжаттарға қол қойды
-
14:39, 11 желтоқсан 2024
Тоқаев Хелен Кларкты қабылдады: олар нені талқылады
-
23:03, 3 желтоқсан 2024
Тоқаев Макронға ризашылығын білдірді
-
22:32, 3 желтоқсан 2024
Мемлекет басшысы Сауд Арабиясының тақ мұрагерімен кездесті