Асқар Жұмаділдаев: Қазақстан 50 жылдан кейін технократ елге айналу керек
Әлеуметтік желі, отандық бұқаралық ақпарат құралдары Елбасының айтқан ойын өрбітіп, оқырманға жеткізуде. Айта кетейік, Нұрсұлтан Назарбаевтың сұхбаты шет мемлекеттерде де көрсетілді.
Мемлекет басшысының сұхбатында айтылған сүбелі сөздермен безендірілген мынадай картиналар әлеуметтік желіде телефон арқылы тарап жатыр. Елбасының қанатты сөздері жастарға осылай жетті. Бұл жұмыстың авторы мына жігіт. Батыржан Ибрагимов, мамандығы – дизайнер. Бурабайдың баурайында айтылған оймақтай ойларды бұлай әрлеудегі басты мақсат – әр қазақтың жасына жеткізу, санасына сақтау.
Батыржан Ибрагимов, дизайнер:
-Сұхбат 52 минуттың көлемінде болды. Оның барлығын қамтып, көріп отыратын қазір азаматтарда уақыт жоқ. Сондықтан арасынан Елбасымыздың үздік ойларын көшіріп алып, одан әлеуметтік желіге ыңғайлап, осындай баннерлер, суреттер жасауға жөн көрдім. Ертесіне байқағандай, азаматтың көбі алып, салып, бөлісіп жатыр. Сұхбаттан түйетініміз Елбасының Бурабай баурайындағы ойлары халық көңілінен шықты.
Сұхбат халықтың көңілінен шықты. Әлеуметтік желіде кең талқыланып жатыр. Ең танымал қазақ блогері Өркен Кенжебектің Фейсбук әлеуметтік желісінде 9 мыңға жуық оқырманы бар. Мемлекет басшысының сұхбаты туралы жазылған жариялымын жүзден астам адам оқып, бөліскен.
Өркен Кенжебек, блогер:
-Елбасы «Рухани жаңғыру» бағдарламасында айтқан 6 қабілет, яғни прагматизм, шашылмау, ысырапшыл болмау, бәсекеге қабілеттілік, сананың ашықтығы. Осы алты қабілетті қазір шұғыл түрде кез келген қазақтың, кез келген қазақстандықтың санасына сіңіру қажет болып тұр. Сондықтан осы сұхбат «Хабар» арнасында көрсетілді, көп бөлігі әдейі қазақ тілінде айтылды, өйткені негізгі бағыттап отырған аудитория қазақ тілді оқырман, көрермен еді. Сондықтан мұны мен өзіме тағы бір сигнал ретінде қабылдадым. Өзгеру керек, заманға қарай бейімделу керек.
Мемлекет басшысының «Хабар» арнасына берген сұхбаты отандық баспа беттерінде жарияланып, қызу талқыға түсіп жатыр. Сүбелі сөз айтылды. Ендігі міндет – халыққа жеткізу. Бұл ретте отандық бұқаралық ақпарат құралдары қапы қалмайтыны анық. Айта кету керек, Елбасының сұхбаты ТМД елдерінің көрермендеріне де «МИР» телеарнасы арқылы жетті. Жалпы сұхбат алдыңғы буын азаматтардың да айтарына айналды.
Асқар Жұмаділдаев, ҚР ҰҒА академигі:
-Ең алдымен гуманитарлық сала туралы айтылады. Көбінесе «тіл туралы, философия туралы кітаптар шығарайық», – дейді. Бұл әрине керек. Қазақстан 50 жылдан кейін технократ елге айналу керек. Онсыз болмайды. Сол себепті мен айтар едім, мына 100 кітаптың ішіне міндетті түрде Ньютонды, Лобачевский, Эйнштейнді кіргізу керек.
Елен Әлімжан, жазушы-драматург:
-Патриоттық сезімді оятатын не? Патриоттық сезімді оятатын – ұлттық құндылықтар. Ұлттық құндылығы бағаланған жерде ұлттық мақтаныш пайда болады. Ұлттық мақтаныш бар жерде рух оянады. Ал рухы оянған ел барлық қиындықтарды жеңе біледі. Бұл сұхбат өте қажет сұхбат. «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласы – өте терең мақала. Оны түсіндіріп отыру керек.
Мемлекет басшысының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласының жарияланғанына 4 айдың жүзі болды. Елбасы кешегі сұхбатында өзі айтқан ойлардың жүзеге асу барысына да тоқталып кетті. Қазақ қоғамын алда үлкен міндеттер һәм өзгерістер күтіп тұр. Және оны әркім өзінен бастауы тиіс. Өзегі осы.
Авторлары: Гүлжан Марқабаева, Нұржан Мергенбей, Мейрамбек Ақмаханов, Ерсін Мұхамбеталин
Источник: khabar.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
21:36, 17 қараша 2025
Тоқаев Мирзиёевке қонақжайлылығы үшін алғыс айтып, Өзбекстанға жасаған сапарының тарихи мәніне тоқталды
-
17:07, 17 қараша 2025
Қазақстан мен Эстония президенттері келіссөз жүргізді
-
16:45, 17 қараша 2025
Ақордада Эстония президентін салтанатты түрде қарсы алды
-
13:23, 15 қараша 2025
Тоқаев пен Мирзиеев қандай құжаттарға қол қойды
-
10:35, 15 қараша 2025
Тоқаев Мирзиеевмен келіссөз жүргізді





