Тіс пастасын қалай таңдау керек?

16:19, 26 наурыз 2017
994

Күнделікті тұрмыста қолданып жүрген тіс пастасының қорабына, құрамына көңіл бөліп көрдіңіз бе? Оның қорабының жылтырлығына, қақпағының қалай ашылатынына емес, құрамына назар аударған жөн. Тіс пастасын тісіңіздің жағдайына қарап таңдаған дұрыс. Олай босла, тіс пастасын таңдарда мына нәрселерді естен шығармаңыз. 

1. Сезімталдық

Егер сіздің тістеріңіздің сезімтал екенін байқасаңыз (суық ауадан ауыруы, т.с.с.), бұны тістеріңізге фтордың (fluoride) жетіспеушілігінен деп түсініңіз. Тіс дәрігерлері бір тіс пастасындағы фтордың орта мөлшері 0,145% болуы шарт дейді. Егер тісіңіз жүйкеңізге әсер етіп, суыққа шыдатпай жатса, фторидке бай тіс пастасын қолданған дұрыс.

2. Маржандай аппақ

Жарнамаларда тіс пасталарының тісті маржандай аппақ қылатынына 100% кепілдік береді. Дегенмен тұрмыста үмітті ақтамай жатады. Тістегі сары дақтарды кетіру үшін бір ғана тіс пастасының қауқары жетпейді. Ол үшін күн сайын тамақ ішкеннен кейін қарапайым ас содасымен тісіңізді шайқап тұрыңыз.

3. Балғындық

Жағымсыз иісті кетіру үшін тіс пастасымен көбірек жууға тырысқаныңызбен, ойлағаныңыз іске аспауы мүмкін. Тістің гингивит (қызыл иектің қабынуы), пародонтит (тіс ұлпасының қабынуы) секілді ауруларынан пайда болатын иісті тіс пастасының жеңуі мүмкін. Алайда ауыз қуысындағы жағымсыз иіс тек тіске ғана қатысты емес, сондықтан ауыз қуысын да, тілді де жиі шайып тұру қажет.

4. Көбік

Тіс пастасы натрий лаурилсульфатының (NaC12H25SO4 немесе sodium lauryl sulfate, SLS) әсерінен көбіктенеді. Бұл ауыз қуысын жақсылап тазалауға әсер етеді. Дегенмен тісті сезімтал ететін де осы элемент. Егер тісіңіз сезімтал болса, құрамында натрий лаурилсульфаты азырақ тіс пастасын іздеп көріңіз.

5. Тістегі «топырақ»

Кейде тісті тазалап болған соң пастаның құрамындағы топырақ тектес нәрсені байқауға болады. Бұл – кремний диоксиді (hydrated silica), ол тістегі тастарды жоюға көмектеседі. Бұл элемент сезімтал тістерге қауіп төндіруі мүмкін. Сондықтан сақ болған жөн. Стоматологтар тасты тістерді кремний диоксиді бар тіс пастасымен  тазалауға кеңес береді. 

Дереккөз: massaget.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!