Суретте сұлу көрінудің 10 тәсілі

22:06, 24 мамыр 2017

Көптеген қыз-келіншектер өздерінің суретте әдемі көрінбейтінін айтып шағымданып жатады. Тіптен, кейбір көркіне көз түскен арулардың өзі суретте жақсы шығуы екіталай. Кейде ойлайсың, суретке дұрыс түсе алмайтын өзіміз кінәліміз бе әлде Фотографтан кеткен кінәрәт пе екен? Ешқандай қателіктерге қарамастан төмендегі 10 тәсіл суретте жақсы шығуыңызға көмектеседі.

 

1. Қалыпқа (позаға) тұрыңыз!

Камера сізге артық салмақ қосады деп ойлайсыз ба? Голливуд жұлдыздарының кез-келген қимылын қайталаңыз! Бір иығыңызды алға шығарып, қолыңызды беліңізге таяныңыз, бұл әдіс сізді сымбатты көрсетеді. Ішіңізді тартып, арқаны түзу, иығыңызды тік ұстау жайлы ұмытпағайсыз!

2. Ерінге далапты дұрыс таңданыз.

Айқын қызғылт далаптар мен жылтыр бояулар суретте керемет көрінуіңізге мүмкіндік береді. Ал бейтарап түстегі далаппен суретте бозарған болып қаласыз, қатты қызғылт түстегі далап тым ерсі көрінеді.

3. Кешті суретпен бастаңыз.

Кеш басталмас бұрын суретке түсіп алуға тырысыңыз. Отырыс барысында көңілді би кештері болып , у-шу, шарапқа ұласып кетеді. Сондықтан, сәніңізді сақтап ертерек қамданыңыз.

4. Лак себерде абай болыңыз.

Шаштың өзі суретте үлкен рөлге ие. Ал оны лакпен қатырып тастағаннан гөрі қозғалыста әдемі көрінеді.

5. Бетіңіздегі бояу жарқырап тұрғаны жақсы.

Ол сіздің табиғилығыңызды айқындайды, ал бетіңіздің майланып кетуі суретте нашар көрінетіндіктен өзіңізбен бірге опа, корректор, қағаз майлық болғаны жөн.

6. Камераға сеніңіз!

Суретке ыңғайлы, еш қиындық тудырмайтын камераға түсіңіз! Және өзіңізді еркін ұстағаныңыз дұрыс.

7. Басыңызды жоғары ұстап, еңсеңізді көтеріңіз.

Сонда екінші иегіңіз мүлдем байқалмайды, бастысы, өзіңізге деген сеніміңіз артады.

8. Күн бақтан кез.

Күннің батқан кезі суретке тусуге ең тиімді саналады. Фотографтардың айтуынша, жарық көлеңке түсірмей,көзқарасыңызды нұрлы қылады.

9. Жарқылдағышқа қараңыз!

Суретке түскенде объективке емес, одан жоғарырақ орналасқан жарқылдағышқа қарасаңыз, ол көздің «қызыл» болуынан сақтайды. Суретте жақсы көрінудің тағы бір әдісі- қатты ашылған көздер. Осы тұрғыда модельдердің негізгі ережесін есіңізізде сақтаңыз: фотоаппараттың жарқылдағына қарап тұрыңыз да көзіңізді жұмыңыз, фотограф үшке дейін санап белгі бергенінде, барынша көзіңізді қатты аша түсіңіз.

10. Ракурс.

Қалай қарасаңыз сұлу көрінесіз, қалай күлсеңіз жарасады? Басыңыз үлкен бе, бойыңыз кішкентай ма? Өзіңіздің қай жағынан әдемі көрінетініңзді зерттеп алып барып суретке түсіңіз! Бастысы, ракурс дұрыс болсын!

 Дереккөз: anabol.kz

 


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!