Семіздіктен құтылу оңай

14:29, 20 мамыр 2017

Дененің шамадан тыс толысуына асқазан, ішектің сырқаты, әсіресе, іш қатуы үлкен әсер етеді. Ондай кезде әйелдердің бетіне бөртпе шығады. Енді осылардан құтылудың бір-екі шараларын айта кетейік.

 Таңертеңгі асқа дейін 15-20 минут бұрын 1 кесе шикі сүт немесе салқын қайнамаған су ішеді. Егер қаласа бірнеше алхорыны балға батырып жейді. Мұның өзі өте пайдалы, өйткені, алхоры мен балдың құрамында көптеген витаминдер бар. Әсіресе күні бойы отырып қызмет істейтін әйелдердің ішек жиырылуы әлсіреп, ондағы қан айналым, зат алмасуы төмендеп іші “қатып” қалады. Сондықтан, мүмкіндігінше көп қозғалып, қызмет арасында өндірістік гимнастиканың бір-екі түрін орындаған дұрыс.

 Мұндай жағдайда жаңа пісірілген ұлпа наннан гөрі қатып не кеуіп қалған нан пайдалы. Сол сияқты алманы кез- келген уақытта жей беру керек.

 Ал қалай арықтауға болады? Әйелдер өз денсаулығына зиян келтірмей арықтаудың әдісін білгені жөн. Ол үшін жасқа, орындайтын жұмысына байланысты жұмсалатын калорияның мөлшеріне көңіл аударады. Жұмыс дегенге отын шабу, егін ору, шөп жинау сияқты дене жұмысы емес оған оқу, жазу, үйдің ішін жинау кір жуу, тамақ жасау т.б. жатады.

 Егер сіз өз денсаулығыңызға зиян келтірмей арықтағыңыз келсе, майлы, тәтті тағамнан, ұннан жасалған тамақтан аулақ болыңыз. Ал қарын қатты ашпау үшін көп жеміс-жидек, көкөніс, қайнаған не бұқтырған ет, майынан айырылған сүт ішуге болады.

 Бұл- бірінші ақыл- кеңес. Ал екіншісі – көп қозғалу, яғни гимнастика, дене шынықтыру, жаяу жүру, серуендеу, демалыс күндері қала сыртына тауға шығу, бассейнде жүзу т.б. Әсіресе, қатты жүру өте пайдалы. Үшінші – тамақтанған соң дереу жата қалмаңыз, газет– журнал оқып отыруға да болмайды. Оның есесіне, ыдыс– аяқ жуып, далаға шығып біраз серуендеген абзал. Тіпті болмаса, ас үйдің еденін сүртіп шықса да болады. Әрине, әйел үшін ыдыс –аяқ жжу, еденді сүрту таңсық емес, дегенмен, арықтау үшін, өзө– өзіңді жеңіл сезіну үшін бәріне де бару керек.

 Кешкі асты сағат 19.00- де ішіп, ұйықтар алдында 30 минут серуендеп алыңыз. Таза ауа жұтып келсе, тамақ та сіңеді, ұйқы да жақсы болады. Бірақ, бұл әдістер бір аптада нәтижесін бере қоймайды, бірнеше айдан соң таразыға тартылсаңыз, әжептәуір салмағыңыздың кемігенін аңғарасыз. Кейбір әйелдер бір аптада 31 кг тастап жатады, бұл сұмдық, дәрігерлер мұны құптамайды және оның денсаулыққа зиянын да алға тартады.

 Тамақтану жүйесін жолға қоюды міндетті түрде жүріс қимылмен, дене шынықтыру амалдарымен, және тамақтың құрамын азайта түсу шараларымен сабақтастыру қажет. Тамақтың құрамынан майлы, ұннан жасалған тәттілерді, ащы тұздықтар, дәмді шырындар, сұйық сусындар азайтылуы тиіс. Тағамды аз мөлшерде күніне 4-5 рет ішкен дұрыс. Өсімдік клеткасы мол жемістерді, жидектерді, арық ет пен балық ас мәзірінде болсын. Ал шай мен кофенің тым қою болмағаны абзал. Жеміс шырынын да ішу қажет. Сүт тағамдарының ішінен майсыз ірімшік жеп, белокты сүт, айран ішуге болады. Бұл өнімдер организмге қажетті витаминдері, минералды тұздары бар құнарлы да нәрлі тағамдар болып табылады. Сондықтан, мамандардың нұсқауынан аутықымаған жөн.

 

Дереккөз: anabol.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!