«Қазгидромет» Алматы, Астана және тағы үш қаланың тұрғындарына ескерту жасады

09:55, 28 шілде 2026
MKZ: 1558350

© Фото: Zakon.kz/Павел Михеев

Бүгін Қазақстанның бірден бес ірі қаласында қолайсыз метеорологиялық жағдай қалыптасады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Бұл туралы "Қазгидромет" РМК мамандары ескертті.

"28 шілдеде Ақтөбе, Алматы, Балқаш қалаларында, түнде Астана мен Қостанайда қолайсыз метеорологиялық жағдай күтіледі", – делінген гидрометеорологиялық орталықтың сайтында жарияланған ақпаратта.

Қолайсыз метеорологиялық жағдай – атмосфералық ауаның жерге жақын қабатында зиянды ластаушы заттардың жиналуына ықпал ететін қысқа мерзімді метеорологиялық факторлардың (желсіз ауа райы, баяу жел, тұман, инверсия) жиынтығы.

Мұндай кезде қала тұрғындарына, әсіресе автокөлік жолдары мен ауаны ластайтын басқа да нысандардың маңында ашық ауада ұзақ жүрмеуге кеңес беріледі. Өкпенің созылмалы аурулары, жүрек-қан тамырлары және аллергиялық аурулары бар адамдар далаға шыққанда өздеріне қажетті дәрі-дәрмектерді алып жүруі керек.

Бұған дейін синоптиктер Қазақстанға 47 градусқа дейінгі аптап ыстық қайта оралатынын хабарлап, 2026 жылғы 28 шілдеде күн қатты ыситын өңірлерді атаған болатын.

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!