Алматы, Астана және тағы төрт қалада ауа сапасы нашарлайды
© Фото: Zakon.kz/Павел Михеев
Бүгін Қазақстанның бірден алты қаласында қолайсыз метеорологиялық жағдай қалыптасады, деп хабарлайды Zakon.kz.
Бұл туралы "Қазгидромет" РМК таратқан ескертуде айтылған.
"2026 жылғы 27 шілдеде Ақтөбе мен Алматыда, түнде Астана, Теміртау, Қарағанды және Қостанай қалаларында қолайсыз метеорологиялық жағдай күтіледі", – делінген хабарламада.
Қолайсыз метеорологиялық жағдай – атмосфералық ауаның жерге жақын қабатында зиянды, ластаушы заттардың жиналуына ықпал ететін қысқа мерзімді метеорологиялық факторлардың жиынтығы. Оларға желсіз ауа райы, баяу жел, тұман және инверсия жатады.
Мұндай жағдайда қала тұрғындарына, әсіресе автокөлік жолдары мен басқа да ластаушы көздердің маңында ашық ауада жүру уақытын қысқарту ұсынылады. Ал өкпенің созылмалы, жүрек-қан тамырлары және аллергиялық аурулары бар адамдар сыртқа шыққанда өздеріне қажетті дәрі-дәрмектерді бірге алып жүруі керек.
Бұған дейін "Қазгидромет" 2026 жылғы 27 шілдеге арналған дауылды ескерту жариялады. Синоптиктер Алматы, Шымкент қалалары мен Қазақстанның барлық 17 облысында қауіпті ауа райы құбылыстары болатынын ескертті.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
12:19, 27 шілде 2026
Тоқаев Ұлыбританияның жаңа премьер-министріне құттықтау хат жолдады
-
12:01, 27 шілде 2026
Түркияда жолаушылар мінген көлік шатқалға құлап, бес адам қаза тапты
-
11:47, 27 шілде 2026
Елена Рыбакина WTA рейтингінде Соболенкоға таяп қалды
-
11:32, 27 шілде 2026
Алматыда жантүршігерлік жол апаты болды: екі адам қаза тауып, тағы екі адам ауыр жарақат алды
-
11:18, 27 шілде 2026
Роналду ойнайтын Сауд Арабиялық клуб қаржылық дағдарысқа тап болды





