Тоқаев Ұлыбританияның жаңа премьер-министріне құттықтау хат жолдады

12:19, 27 шілде 2026
MKZ: 1558187

© Сурет:

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев 2026 жылғы 27 шілдеде Эндрю Бернемді Ұлыбритания және Солтүстік Ирландия Біріккен Корольдігінің премьер-министрі қызметіне кірісуімен құттықтады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Ақорда таратқан ақпаратқа сүйенсек, мемлекет басшысы құттықтау жеделхатында Қазақстан мен Ұлыбритания арасындағы қарым-қатынас деңгейі жоғары екенін атап өтіп, екі ел халықтарының мүддесі үшін саяси диалогты, сауда-экономикалық және инвестициялық ынтымақтастықты одан әрі нығайту бағытында бірлесе жұмыс істеуге дайын екенін растады.

Қасым-Жомарт Тоқаев Эндрю Бернемнің жауапты мемлекеттік қызметіне табыс, достас Біріккен Корольдік халқына бақ-береке тіледі.

Бұған дейін мемлекет басшысының Ресей президенті Владимир Путинмен кездескенін жазғанбыз.

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!