Жылдамдықты 2 км/сағат асырғаны үшін айыппұл салынады деген ақпарат – жалған
© Фото: unsplash
Әлеуметтік желілерде "жылдамдықты тіркеу шегі өзгеріп, енді сағатына 2 шақырымға асырудың өзіне айыппұл салынады" деген мазмұндағы ақпарат тарады. Алайда бұл мәлімет шындыққа сәйкес келмейді.
Құқық қорғау органдарының мәліметінше, әкімшілік жауапкершілікке тарту тәртібі өзгермеген. Бұрынғыдай айыппұл тек белгіленген жылдамдықты сағатына 10 шақырым және одан жоғары асырған жағдайда ғана қолданылады.
8 мамырдан бастап күшіне енетін бірлескен бұйрық тек жолдағы камералардың жұмыс тәртібіне қатысты. Құжат олардың өлшеу дәлдігін және рұқсат етілген қателік шегін нақтылайды. Бұл өзгеріс жүргізушілерге жаңа талап енгізбейді және жауапкершілікке тарту шегін өзгертпейді.
Осылайша, "2 км/сағатқа асыру үшін айыппұл салынады" деген ақпарат – жалған.
ІІМ Әкімшілік полиция комитетінің ерекше тапсырмалар жөніндегі аға инспекторы Ақтоты Боранованың айтуынша, жалған ақпарат таратқан азамат анықталған. Қостанай облысы Рудный қаласының тұрғыны сот шешімімен әкімшілік жауапкершілікке тартылды.
Ведомство азаматтарды тек ресми дереккөздерге сүйенуге және тексерілмеген ақпаратты таратпауға шақырды.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
14:32, 5 мамыр 2026
Алматыда ҰОС ардагерлері мен оларға теңестірілген тұлғаларға Жеңіс күніне орай материалдық көмек көрсетілді
-
14:20, 5 мамыр 2026
Елордада кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтар анықталды
-
14:09, 5 мамыр 2026
Алматыда «Таза Қазақстан» аясында сәндік көгалдандыру ауқымы кеңейіп келеді
-
13:53, 5 мамыр 2026
Жетісуда өзеннен заңсыз құм-қиыршық тас өндіру тоқтатылды
-
13:37, 5 мамыр 2026
Өскемендегі жарылыс: зардап шеккендердің жағдайы белгілі болды





