Роман Скляр жылыту маусымына қатысты бірқатар тапсырма берді
© Фото: primeminister.kz
Бүгін, 2026 жылғы 4 мамырда премьер-министрдің бірінші орынбасары Роман Склярдың төрағалығымен өткен жылыту маусымының қорытындылары және алдағы жылыту маусымына дайындық туралы жиындар өтті, деп хабарлайды Zakon.kz.
Таратылған ақпарға сүйенсек, олардың барысында 2025-2026 жылғы күзгі-қысқы кезеңдегі жылыту маусымының аяқталуы, осы жылға арналған жөндеу науқаны, сондай-ақ проблемалық мәселелерді жою туралы баяндамалар тыңдалды.
"Жүйелі ұйымдастырылған жұмыстың арқасында жылыту кезеңі өңірлерде тұрақты өтті, ірі технологиялық бұзылулар байқалмады. Тұтынушылар электр және жылу энергиясымен толық қамтамасыз етілді",- дедінген ақпаратта.
Мәселен, өткен жылы электр стансаларында 10 энергоблокта, 63 қазандықта және 39 турбинада жөндеу жұмыстары жүргізілді. Электр желілерінде 17 мың шақырым электр беру желілері, 420 қосалқы станса жөнделді. Сондай-ақ, 323 шақырым жылу желілері қайта жаңартылып, ауыстырылды.
"Алдағы жылыту маусымына дайындық шеңберінде электр стансаларында бекітілген кестеге сәйкес биыл 9 энергоблокты, 55 қазандықты және 51 турбинаны жөндеу жоспарланған. Бүгінгі таңда бір қазандық пен бір турбинада жөндеу жұмыстары аяқталды". ҚР Үкіметі
Жиындардың қорытындысы бойынша премьер-министрдің бірінші орынбасары Роман Скляр Энергетика министрлігіне және өңірлік басқармалардың басшыларына энергетика объектілерінің алдағы жылыту маусымына дайындық барысын тұрақты бақылау және ағымдағы мәселелерді шешу үшін уақтылы шаралар қабылдау туралы тапсырмалар берді.
Бұған дейін 5 мамырда Қазақстанның басым бөлігінде дауылды ескерту жарияланғанын жазғанбыз.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
22:58, 4 мамыр 2026
Әлемдік теннис элитасы «Ролан Гаррос-2026» турниріндегі жүлде қоры бойынша шағым білдірді
-
22:35, 4 мамыр 2026
Ресейде бір үйдің үш мүшесі терезеден секіріп қаза тапты
-
21:54, 4 мамыр 2026
БҚО-да көлік ұрлап, жол апатына себеп болған күдікті ұсталды
-
21:36, 4 мамыр 2026
Әлемдегі ең арзан металл белгілі болды
-
21:18, 4 мамыр 2026
Көкшетауда желдету жүйесіндегі ақау кафедегі өртке себеп болды





